PHOENIX бағдарламасының көмегімен. Оны [мына жерден][1] көшіріп аласыз. Бұл жерде бірнеше версиясы берілген. Phoenix_Service_Software_2010.12.008.42304 осы версиясын көшіріп алыңыз. Өйткені кейінгі версиялары дұрыс істемейді. Ақаулықтары көп. Мен осы версиясын қолданамын. Және осы бағдарламаны орнатасыз. Осыдан кейін [Nokia 5130 xm прошивкасын][2] көшіріп аламыз. Мұныда компьютерге орнатамыз.
Осыдан кейін мыналарды орында:
1. Phoenix бағдарламасын ашамыз
![Феникс1][3]
2. Телефонды компьютерге қосып, PC Suite режимін таңдаймыз.
3. Connections деген жерден телефонды таңдап аламыз. USB1,USB2 деген сияқты. Сізде қайсысында соткаңызды көріп тұр соны таңдап алыңыз.
![Феникс2][4]
4. Phoenix бағдарламасында File-Open product командасын орындаймыз. Сонда мынандай терезе ашылады. Осы жерден RM-495 деген жолды таңдап аламыз. Өйткені соткаңыздың прошивкасы осындай.
![Феникс3][5]
5. Келесі Flashing-Firmware Update командасын орындаймыз.
![Феникс4][6]
6. Осы бетен Product Code таңдап аламыз, ал таңдап алу үшін бұл бетті ашу керек. Мұны қай жерден ашу керектігі алдыңғы суретте көрсетілген.
7. Product Code терезесін аштық. Енді оны таңдаймыз. 0578999 дегенді таңдап алыңыз. Бұл баптау тіл баптауларына әсер етеді. Негізі орыс тілісі бар біреуін таңдай салуға болады. Бірақ осы мен айтып отырған кодтың ішінде қазақ тілісі бар болуы керек. Өйткені Азия деп тұр
![Феникс5][7]
8. Енді Firmware Update терезесінде Refurbish батырмасын басамыз.
![Феникс6][8]
9. Енді процесс аяқталғанға дейін тосасыз. Компьютер прошивка жасап болған соң телефоныңыз автоматты түрде қайта қосылады. Осымен болды.
[1]: http://forum.allnokia.ru/viewtopic.php?p=2764047
[2]: http://allnokia.ru/firmware/5130+xpressmusic.htm
[3]:
[4]:
[5]:
[6]:
[7]:
[8]: