Стимул деген не деп түсінесіз және сіздің қазіргі стимулыңыз не?Сол стимулыңызға не мотивация жасап жүр?

+3 дауыс

1 жауап

+1 дауыс
Стимул деген ұғым астарында көптеген мағына жатыр. Ол бір ғана емес, бірнеше салада қолданыста. Егере де  әлеуметтік сөздікті ашып қарайтын болсақ, онда осы стимул сөзіне анықтамалар берген. соларға аздап тоқталып өтсек!
1.Стимул (лат. түйсік)
2.Мақсатты яки бағдарланған обьектінің өз қажеттілігін қанағаттандыра алуы;
3.Тәжірибе кезіндегі еркін үзіліс.
4.Бұл адамның мінез -құлығына өзгеріс әкелетін кез келген ішкі немесе сыртқы құбылыс.
5.Бар болмысыңмен ұмтылатын ниет-тілектер;
Жалпы стимулдың 4 түрін нақты атап өтуге болады. Олар:
1.Мәжбүр ету стимулы;
2. Материалдық стимул  (сый ақылар, демалыс ақыға төленетiн бонустар);
3. Эмоциональдық стимул (Мақтау және тағы басқалар қызу.);
4.Өзіне-өзі сенім білдіру стимулы.
Ал енді бұл ұғымды ұмтылыс,алға қояр мақсат деп қарастырсақ, онда менің стимулым "көкірегі ояу Алаш өрені" ретінде "Қазақ интеллигенциясының құрамында болу"! Ал енді келесі сұрағыңызға былай жауап берейін:стимулыма  қандай мотивация жасап жүргенімді емес, бірден нәтижесін көрсетуге әрекет жасайтынымды айтар едім! ("сөзіңмен емес,ісіңмен дәлелде" нақылына сай )

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,322 жауап
153,203 пікір
72,717 қолданушы