0 дауыс
28.5k көрілді
1. Металлдарда электр тогын тасымалдайтын бөлшектер?
2. Электролиттер дегеніміз не?
3. Электролиз дегеніміз не? (формуласы да)
4. Вакумдегі электр тогы дегеніміз не?
5. Шала өткізгішке қандай элементтер жатады?
6. Р(п)-типті шала өткізгіш дегеніміз не?
7. n(н)-типті шала өткізгіш дегеніміз не?
8. Тұрақты магниттер дегеніміз не?
9. Магнит өрісі дегеніміз не?
10. Магнит өрісінің күш сызықтары дегеніміз не?
11. Ферра магниттер дегеніміз не?
12. Электромагниттік эндукция дегеніміз не?
13. Жарық жылдамдығы нешеге тең?
14. Айналық бет дегеніміз не?
15. Жарық сынуы дегеніміз не?
16. Сыну бұрышы дегеніміз не?
17. Сыну заңы
 кітабым жоқ еді, толық жауап болса... Алдын ала рахмет!

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
1.Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар-электрондар болып табылады.
2.Тұздардың,қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері,сонымен қатар тұздар  мен металдардың қорытпалары- электролиттер деп аталады.
3.Электролиз дегеніміз-тұз,қышқыл және сілті ерітінділері  арқылы тоқ өткенде,электродтарда зат бөліну құбылысы.
  Формуласы:m=k* q;  m=k *I *t;
4.Вакуумдегі электр тоғы дегеніміз-термоэлектрондық эмиссия нәтижесінде алынған электрондардың бағытталған қозғалысы.*
5.Шалаөткізгіштерге Менделеев кестесінің нақ ортасында тұрған 12 химиялық элемент(B,C,Si,Ge,Sn,P,As,Sb,S,Se,T,I),  жатады.
6.Кемтікті қоспалық өткізгіштігі бар шалаөткізгіштер р-типті шалаөткізгіштер деп аталады.
7.Электронды-қоспалық өткізгішті  шалаөткізгіштер n-типті шалаөткізгіштер деп аталады.
8.Тұрақты магниттер немесе қарапайым  магниттер деп  магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді атайды.
9.Магнит өрісі деп өткізгіштердің электр тоғымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрін айтады.
10.Магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар магнит өрісінің сызықтары немес магнит өрісінің күш сызықтары деп аталады.
11.Сыртқы магнит өрісін әжептәуір күшейтетін заттар-ферромагнетиктер деп аталады.
12.Тоқтардың магниттік әсерлесуі , электр тоғының магнит өрісінтудыру қабілеті ашылғаннан кейін көп ғалымдар кері процес – магнит өрісі әсерінен электр тогын тудыру мүмкіншілігін іздестірді . Осы мәселені 1831 жылы М.Фарадей алғашқы болып шешті . Ол өткізгіштен жасалған катушканың ішіндегі магнит өрісі өзгергенде , катушкада ток пайда болатынын анықтады.
Бұл құбылыс электромагниттік индукция деп аталады .
13.с=300 000км/с=300000000м/с=3 * 10<sup>8</sup>     м/с.
14.Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын,яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады.

15.Жарықтың сынуы – екі ортаның шекаралық қабатына түскен сәуленің екінші ортаға өткен бөлігінің бастапқы бағыттан ауытқуы.
16.Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрышты сыну бұрышы деп атайды.
17.Жарықтың сыну заңдары былай тұжырымдалады:
түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін шекаралық бетке жүргізілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түскен сәуле мен сынған сәуле өзара қайтымды болады;
түсу бұрышы синусының (α) сыну бұрышы синусына (φ) қатынасы тұрақты шама болады: мұндағы n – ортаның сыну көрсеткіші. Берілген заттың вакууммен  салыстырғандағы сыну көрсеткіші сол заттың абсолюттік сыну көрсеткіші деп аталады.
0 дауыс
[google-дан да табасыз ғой )][1]
2.[Электролиттер][2]
3.[Электролиз ][3]
9.[Магнит өрісі ][4]

Қалғаны қазір )


  [1]: http://www.google.kz/
  [2]: http://kk.wikipedia.7val.com/wiki/Электролиттер
  [3]: http://www.kitaphana.kz/ka/downloads/referatu-na-kazakskom/242-khimia/2862-elektroliz.html
  [4]: http://kk.wikipedia.org/wiki/Магнит_өрісі
рахмет! Гуглда ошибка из кеша деп тұр)
Белгісіз
0 дауыс
1.металдардағы элетр тогын тасымалдайтын бөлшектер -электрондар деп аталады.

2.Электролиттер ( грек. lysіs – еру, ыдырау) – еріген немесе балқыған күйде электр тогын өткізетін заттар.Электролиттерге қышқыл, негіз, тұздың судағы ерітінділері жатады; бұларда электр тогы иондар арқылы тасымалданады. Э ерітінділерінен ток өткенде электродтарда тотығу-тотықсыздану процестері – электролиз жүзеге асады.

3.Электролиз (электро... және грек. lysіs – еру, ыдырау) – еріген немесе балқыған электролитке батырылған электродтарда электр тогы әсерінен жүретін химиялық реакция. Электролиттер арқылы өткен электр тогы химиялық энергияға айналады. Электролиз электролитпен толтырылған ыдысқа екі электрод орналастырып, оларды тұрақты ток көзінің полюстеріне жалғастыру нәтижесінде өтеді. Электролиз аппараттарын электролизерлер, электролиттік ванналар деп атайды.

4.Электр тогы – электр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы.

Зарядталған бөлшектер: өткізгіштерде — электрондар, электролиттерде —иондар (катиондар мен аниондар), газда —иондар мен электрондар, арнайы жағдайдағывакуумда — электрондар, жартылай өткізгіштерде —электрондар мен кемтіктер (электронды-кемтіктік өтімділік) болып табылады.

Электр тогы энергетика саласында — энергияны алыс қашықтыққа жеткізу үшін, ал телекоммуникация саласында — ақпаратты шалғайға тасымалдау үшін қолданылады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Zhenya 3.11.2020 Мектеп сұрақ қойды
0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
...