0 дауыс
29.2k көрілді
Достар қалайсыздар! Достар маған модернизациялау деген сөздің толық мағынасы, оның түрлері, мақсаты және бағыттары жайлы ақпаратат өте керек болып тұр. Сіздерде егер қайнар көзімен бірге болса (источник), сіздерге өте ырза болар едім!Рахмет!

1 жауап

+3 дауыс
Модернизация-(франц.-жаңғырту) артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттік саясаты.Жаңғырту (Модернизация; фр. Modernisation — жаңа, қазіргі заманғы ) — жекелеген тетіктер мен түзілімдердің құрылымдарын өзгерту арқылы білдектің функционалдық және басқа да қасиеттерін жақсарту, сенімділігін арттыру және пайдалану мерзімін ұзарту. Жаңғырту өнеркәсіптік жабдықтарды, аспаптарды, тұрмыстық бұйымдарды оларды жасаудың технологиялық процесіне күрделі өзгеріс енгізбей-ақ жетілдірудің барынша тиімді тәсілі. Жаңғырту негізгі жаңғырту жөне жабдықты жаңғырту тағы басқа болып бөлінеді.Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі Қазақстан халқының саны аумағынын, үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1 / 3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұымдастыруга баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу және қоныстану жатады.Әскери техниканы модернизациялау (Модернизация военной техники; французша moderne — жаңа, қазіргі уақыттағы) — әскери техниканың ескірген үлгілерінің сипаттамаларын едәуір жақсарту және пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында конструкциясын, материалы мен әзірлеу технологиясын өзгерту аркылы жаңарту.Әскери техниканы модернизациялау кезінде оның жекелеген бөліктері: тораптары, аспаптары, құрылғылары, жүйелері және т.б. өзгертіледі.Әскери техниканың ірі және күрделі үлгілерінің (түрлерінің) осыңдай бөліктері қару-жарақ пен техникалық құралдардың тұтас кешендері болуы мүмкін (мысалы, сүңгуір қайықтағы стратегиялық ракеталық қару кешені). Қандай жағдайда болмасын, Әскери техниканы модернизациялау нәтижесінде үлгінің құрьмысы мен даярлау технологиясы көп өзгертілмеуі. оны пайдалану едәуір киындатьшмауы және кызмет көрсетілетін жеке құрамның саны көбейтілмеуі тиіс. Әскери техниканы модернизациялау кезінде көбінесе күшін, беріктігін, пайдалану мерзімін, әлсіз буындардың төзімділігін, конструкциялардың мықтылығын арттырады, пайдаланудағы зиянды және әйгілегіш сипаттамаларды азайтады, басқаруды автоматтаңдыратын, пайдалану қауіпсіздігін, зақымдардан қорғауды жеңілдететін жаңа жүйелер мен күрылғылар қосылады. Әскери техниканы модернизациялау, әдетте, ескірген әскери техниканы казіргі заман талаптарының денгейіне жеткізу кажеттілігінен туындайды.
Жанарбек сізге көп рахмет. Осы жазған мағлұматыныздың маған қайнар көзін (источник информаций) бересіз бе немесе интернеттегі адресін жазып жіберінізші.Жауабынызды асыға күтемін!
...