Жалпы өзім 15темін, ал ол меннен бір сынып жоғары оқиды, яғни 10 сыныпта. ең әуелі осыдан 1 жыл бұрын оны менің құрбым ұнатып ол туралы айтып жүрген, бірақ ол кезде мен оған еш мән берген жоқпын. бірақ уақыт өте келе оны мектепте жиі көрген сайын, ол маған жәймендеп ұнай бастады. Жалпы мен онымен керім таныс емеспін, жай бір бірімізді сыртымыздан танимыз. Бірақ та, осы оқу жылында ол маған ерекше көзбен қарап жүргенін байқадым. Әрдайым мектепте қасымнан өтіп бара жатқанда маған міндетті түрде көз салады, мектептен кейін кейде менімен амандасқан кездері де болды. Бірақ, кейде маған тіпте көңіл аудармай қарамайтын секілді көрінеді. Ал мен болсам оны түсінбеймін. Бір жағынан құрбымның алдында да ыңғайсыз, әрине ол бұл туралы білмейді. Сол жігіт менің құрбыммен де былай таныс, бірақ араларында ешетене жоқ, яғни дос ретінде де. Бір жағынан қатты ұнатқандықтан онымен бірге болғым келеді. Өзім сондай ұялшақпын, ешқашанда бірінші болып қадам жасамаймын, бірақ бұл жағдайда енді маған не істеуге болады? Онымен қалай достасып, мүмкін тіпте жақын қарым қатынаста болуға болады???