+2 дауыс
1.4k көрілді
Бір ағамыз туристік агентсваға барған екен. Онда әр жерлерді ұсынысқа айтып жатып необитаемый остpов-қа барасыз ба депті.  Необитаемый  деген сөз адам тұра алмайтын деген мағынаны білдіреді. Бірақ бір сөзбен қалай жеткізуге болады Необитаемый сөзін. Кей терминдерде елсіз деп аударған екен. Ол сөздің мағынасын ашпайды, қандай естіген аудармаларыңыз бар ма екен?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
"Қумедиен"-деген сөз бар қазақта,бұл сұраққа жауап ретінде келе қоймас. Біздің қазақтың ұшы-қиырсыз даласына арналған сөз-ау. Себебі қазақтарда" Қумедиен құла дала жеріміз бар"-деген сөз тіркестері ұшырасып жатады.Ұмытылып бара жатқан сөзді жаңғыртқан Ерғали азаматқа ризашылығымды білдіргім келеді. Ал сұраққа келсек Манас айтқан жауап,яғни "Елсіз арал"-деген келетін сияқты. Негізі "НЕОБИТАЕМЫЙ"-деген сөздің тікелей аудармасы менімше  "тіршіліксіз "- деген сөзге келетін сияқты. Егер человеком необитаемый болса онда елсіз деген ұғымды дәл ашар еді. Бірақ необитаемыйдың тура ұғымы тіршіліксіз, олай болса ол жерде аң-құс сияқтылар да болмау керек. Аралда олай болуы мүмкін емес. Демек турфирма "Адам аяғы баспаған "-дегенді,"Аяқ баспаған"-деп қысқартып ала салған.Сонда аяқ баспаған дер болса елсіз арал,бірақ аң-құсқа бай сұлу,тұмса табиғат ортасы болып шығады. Бұдан шығатын қорытынды Манастың "ЕЛСІЗ АРАЛ"-дегені дұрыс деп ойлаймын.
+2 дауыс
жапан дала, қумендиян деген  нұсқаларын естігенім бар еді,
0 дауыс
Робинзон крузо қалып кеткен жерді де солай атайды ғой.
+1 дауыс
Елсіз дейді ғой қазақта, мысалы: Елсіз арал,
жапан дала деген мүлдем басқа мағына, "жапан даладағы арал" демейсің ғой енді
ал, қумендиян деген сөзді естіген жоқпын
...