Қазақтарда шаман «бақсы», «диуана» деп аталды. Басқа халықтардың шамандары секілді қазақ бақсылары да тұмарлық қасиеті бар түрлі заттар тағып, ерекше ритуальды костюмдер киді. Бақсының бойынан бірнешеленген қасиеттер көрініс береді. Ол рухани күш беруші, әзәзәлді аластатушы,ажалдан арашалап қалатын емші,ертеңіңді болжап айтушы,сәуегей,бұлт шақырып жауын жаудыратын күш иесі,көңілді әуенмен арбайтын сыршыл әуезші,көз алдыңда ғажайыптар жасайтын сиқыршы, арбаушы.
Жын-пері екі түрлі болады. Бірі –адамзатқа зияндық,қастық қылады,бірі достық қылады. Бақсы сол адамзатқа достық қылатын жынның қуатына бақсылық қылады деп сенетін болған. Бақсы жын –шайтандардан , науқасты айықтырып,жазып алу үшін тарихта шын өмір сүрген, кейін әулиеге айналған адамдардың аруағын шақырып, медет қылады
Бақсы науқас адам жатқан уйде ,ымырт үйіріліп,қас қарайған кезде,киіз үй болса түндікті,есікті жаптырып қойып,қобыз тартып сарнайды. Бақсының сарнаудағы мақсаты-алыста жүрген жын-әруақтарды шақыру. Сарнап отырып,талып қалатын себебі,бақсының айтуынша ,ол кезде бақсының жаны мен тәні бірігіп, науқастың дертімен күресуінде. Бұл ауру емдегендегі бақсының жек басының қатысуымен атқарылатын түрі.
Жалпы түрінде көпшілік қатынасады. Мысалы. Қойға секіртпе, жылқыға жамандатпа аурулары тиіп,мал көп қырыла бастағанда малды отпен аластап айдау. Бұл емдеуде көпшілік те қатынасып,азан-қазан,у-шу боп, малдың зәресін алып үркіткен,ондағы ойлары ауруды сескендіру. «Көшіру тәсілінде ауруды басқа затқа көшіреді,мысалы қу сүйекке аударып,аулақ жерге апарып тастайды. Ауруды көшірген сүйек маңына адам жоламайды,тіпті малды да жолатпауға тырысады.
басында айтып өткенімдей, шаман дегеніміз, қәзіргі біздің бақсыларымыз,емшілеріміз, арқасы,аруағы бар адамдар, ондайлыққа ешбір жерде оқытылмайды, тек сондай адамдар өздерін өзге адамдардан өзгешеміз деп есептейді. Ал қоғамның бақсыларға көзқарасы оң деп ойлаймын.