0 дауыс
1.5k көрілді
Қазіргі заманымыз ақша билеген заман ба, әлде білімділер жеңетін заман ба?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сіздің сұрағыңызға өз басым ақша билеген заман дер едім. Себебі қай қай жерде болмасын ақша әрқашанда " главный" орын алады. Ақша  жүрген жерде ар-ұят дегеніміз екінші орынға ығысады. Білім жаққа келетін болсақ "қолынан келсе конышыңнан бас"-дегенді ұстанып, қалтасы тырсиғандар бар дегеніне жетеді,ал қалтасы- жұқа, білімди азаматтар тысқары жерде қалып жатады. Пара беру арқылы балаларын мектепке, универге тағысын тағы жере кіргізеді, олимпиядалардан төбе шашымыз тік тұрып кенеттен жүлделі орындарды алып жатқаның көреміз! Ал нағыз білімі тұнып тұрған балалардың көздеріне мөлдіреп жас келгендігін  көріп жатамыз...(өз басымнан өткен жағдай)т.б Бұл жағдайлардан жоғарғы билік басшылары хабардар ма білмедім, бірақ "әу " дейтін әже, "қой " дейтін қожа жоқ...
Мен бұл заманды ақша билеген заман деп айтер едім. Бірақ белгілі  бір дәрежеде білімнің де алатын орны ерекше. Кез-келген адам өзінің білімін көрсете білсе, қолданатын жерінде қолданса білім жеңбей қайда барады... Ендігі қоғамды қалыптастыратын біз емеспіз ба? Сондықтан да ескі көзқарасты өзгертуіміз керек... Қоғамнан талап етеніміз ақша емес білім болуы керек.  Білетін адам мен білмейтін адамның дірежесі тең емес қой...
0 дауыс
Өкінішке орай, таразы басында ақша басым түсіп тұр ғой... Бірақ ақшасы барларға да ашылмайтын есіктер болады...
0 дауыс
Өкінішке орай, таразы басында ақша басым түсіп тұр ғой... Бірақ ақшасы барларға да ашылмайтын есіктер болады...(think)
+1 дауыс
Акша барлығын шеше  бермейді акша жумсау үшінде білім керек
білімділер әрқашанда алда   )))))))))))))))) БІЛІМДІЛЕР
ТОЛЫҚ КЕЛІСЕМІН
түсінгеніңізге улкен рахмет
0 дауыс
Ақшаң болса бәрін де бітіре аласың, оқымай диплом алып алсаң да болады, ал білімді, бірақ, ақшаң болмаса да өте қиын. Ақша билеген заманда өмір сүріп жүрміз біз!!!
0 дауыс
Жоғарыдағы жауаптарда айтылғандай ақша билеген заман. Дегенмен білімсіз тапқан ақшадан білімді тақатын ақша көп болуы шарт, егер ол шынымен білімді болса. Білімді деп бір ғана саланы меңгеріп қоғамға араласа алмай жүрген, қағаз жүзінде бәрін біліп, нақты өмірде қолынан түк келмейтіндерді айтып отырмаған боларсыңдар, оларды білімді дегеннен көрі ақымақтар деу керек.
Қазіргі байлар кімдер? ол кезінде оқыған, заманында өмір тәжірбиесіне төселгендер немесе сондай адамдардың балалары, бірақ олар баласы мен немересіне дұрыс білім бере алмаса, онда оның баласы не немересі қара халық қатарына қосылуы бір-ақ күн. Оны өзіміз күнделікті өмірде көріп жүрміз, Бәленше ағай тірі кезінде отбасы қалай дүркіреп тұр еді, қайтқасын балалары азып кетті. Ағай балаларына байлығын тастап кеткенмен өз білімін беріп кете алмапты деп жатады.
0 дауыс
Ақшаң болса қалтанда,
Талтандасаң талтанда!
0 дауыс
Бірінші білім дегенді қалай түсінеміз?   Білім ол өмірді түсіну философия дейді ғо,  білім адамдар мен қарым қатынас  білім деген  әр түрлі жағдайларда  дұрыс шешім қабылдау  Білім деген ол қателіктерден сабақ алу    тағы басқа.   Абайдың сөзі есіме түспей тұр  дегенімен   білімдіге дүние мақсат емес деген сияқты бір сөзі бар еді ғо.      Егер сіздер үшін өмір деген тек  ақша табу, оны құрту тамақ жеу, үй салып ағаш отырғызып, үй болып, қартайу болса онда сіз жеңілгенсіз. Яғни ақша жеңгені.  Бірақ өмірге сол үшін келдік пе? а)
...