+1 дауыс
669 көрілді
"Қазақстан" ұлттық телеарнасынан осыдан 2-3 ай бұрын үнді фильмі болған еді. Соның атын білсеңіздер жазып жіберіңіздерші. Қысқысы былай: (бас жағын көре алмаған едім) бір хирург дәрігер болады. Оны көлік қағып кетеді де ауруханада денесі сал болып жатып қалады. Өмірден қатты түңіліп кетеді. Озінің иті болатын, сол ит қожайынының ауырғанын сезіп үйінде тамақ ішпей қояды.
Сол ауруханада 10-12 жасар бір бала жүреді, хирургпен танысады. Одан ауруханада не үшін жүргенін сұрайды, бала: "осында әпкем рак ауыруымен ауырып жатыр, соның көңілін аулап жүрмін"дейді.
Бала күн сайын хирургтың бөлмесіне келіп, терезеге қарап далада не болып жатқанын айтып береді: ағам мопедпен қызына келді, балалар алаңында балалар бейсбол ойнап жатыр... т.с.с Хирургтың өмірге көзқарасы өзгереді. Терезеден далада не болып жатқанын көру үшін бар күшін жинап қолдарын қимылдатады. Әрі Рак ауруына қарсы ем іздейді. Емін тапқанда қуанғаннан жүріп кетеді. "Баланы шақырыңдар! Мен оның әпкесін емдеймін дейді" Дәрігерлер "ол бала енді жоқ, ешқандай әпкесі болған емес. Ракпен ауырған сол бала. ол қайтыс болды" дейді. Дәрігер терезенің пердесін ашып қараса, ешқандай балалар алаңы жоқ тек стоянка тұр екен! ”Мұнда балалар алаңы болуы керек еді ғой” десе, бұл жерде ешқашан балалар алаңы болмағанын айтады.
Баланы жерлегенде оның дәрігерге жазған хатын береді. "Мен сізді алдап келгенім үшін кешіріңіз. Сіз мені құтқара алмасаңыз да, Ракпен ауыратын қаншама баланы құтқарасыз..."                                                                                  Қысқасы өте әсерлі кино...
Сұрақтың жабылу себебі: Таптым! "Не теряй надежду, Я обещаю" деген фильм

2 жауап

0 дауыс
иәәә, тамаша екен! Көрмеппін, атын тапсаңыз маған да айтыңызшы?)))
Міндетті түрде!
Таптыыыыыыыыыыыыыымммм!!!!))) Ол фильмнің аты "Не теряй надежду" көруге кеңес беремін!))
0 дауыс
Қандай актерлер ойнайды примерно?немесе сол актерлер қай кинода ойнаған?
атақты актерлар емес. Басқа кинолардан көрмедім ау деймін оларды...
...