0 дауыс
5.6k көрілді
Жақсы, мағыналы, адамға ой салатын әңгіме, хикая, уағыздар болса жіберсеңіздер?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен сізге бір оқиғаны баян етейін...
*Азамат атты жігіт жаңадан алған автокөлігімен бір шаруасын тындырып, келмек болып, сыртка шыкты. Бір кезде, көлік тұрған жактан тарс еткен ащы дауыс естілді. «Не болып калды» деп караса, 4 жасар баласы колына темір алып  көліктің алдын соккылап, майыстырып койыпты. Ашуға ерік берген Азамат, әлгі темірмен баласының колынан ұра бастайды… Бір кезде баласынын қолынан кан атқылағанда ғана есін жинайды. Қан токтамағандықтан, ауруханаға апаруға мәжбүр болады.  Дәрігерлер баланын саусактарынын катты жаракат алғанын көріп, аман алып қалудың шарасын жасағанымен, ештене істей алмайды. Амалсыз саусактарын кесуге тура келеді. Бала ауыр операциядан кейін есін жинағанда, колына аппак мата оралғанын көреді. Әкесіне жаутандап карап: – Аке,  көлігінізді бүлдіргенім ушін кешірінізші, енді олай істемеймін, – деді де, –  Саусақтарым кайта шыга ма? – деп жыламсырап сұрады.  Мыны естіген әкесі өзін ұстай алмай жылап жіберді де сыртка шығып кетеді Ол өз катесін түсініп, акыры шыдай алмай өз-өзіне қол жұмсайды…*
Жаксы көретін адамға карсы сабырыныз таусылса, ашуға берілмей тұрып, жаксылап ойланыныз.
Көліктер жөнделер, бірак, саусактар мен жаралы жүректер  жазылмайды.
Адамдар кателеседі.Бірақ ашу мен ызаға булығып істеген іс адамды өмірінін соңына дейін қинауы мүмкін.
Ойланып әрекет етейік. Сабырлы болайық.
Жақсы әңгіме екен, жүрекке әсер етеді......
ияя,жүрекке әсер етеді ...
+1 дауыс
*Тағы бір уағыз жаза кетсем ... тақырыбы:
Ақ киім!*
Асқармен жолда кездескенімде азан шақырылып жатыр еді.
– Бүгін жұма, білесің ғой. Сені мешітке апарайын, – дедім.
Бұдан бұрын да бірнеше рет өтінішімді қабылдамаған болатын. Сондықтан ол:
– Менің мешітке бармайтынымды білесің ғой, – деп асыға-үсіге жауап берді.
– Білемін, бірақ бармауыңның себебін білгім келеді.
– Қайдан білейін, әйтеуір барғым келмейді де тұрады. Қысқасы, ол жаққа тартпайды. Бәлкім, араласып жүрген айналамдағы адамдардың да әсері бар шығар. Оның үстіне шалбарымның қыры бұзылып, тізесі шыға ма деп қорқам.
Мен болсам таңғалған бойда:
– Қалжыңдап тұрған шығарсың? Шалбарымның қыры бұзылады деп мешітті тастауға бола ма?
– Шынымен айтып тұрмын, – деді. Киімдеріме қатты көңіл бөлем әсіресе ақ түсті киімді қатты ұнататынымды білесің ғой.
Шынымен солай еді. Үнемі шырттай киініп жүретін. Қашан көрсең де киген киімдері ақ түсті, қыры пышақтың қырындай болатын да тұратын.
– Жарайды, өміріңде бір рет болса да мешітке бардың ба?
– Бала кезімде атаммен бір-екі рет ілесіп барғанмын. Бірақ мұнан кейін мүлде бармайтын шығармын, – деп жауап берді.
Айтқан жауабынан қатты шошындым. Тіпті бұл тақырыпты қозғағаныма өкіндім. Сөйтіп, бір-бірімізбен қол қысысқан бойда өз шаруамызбен кете бардық.
Осы кездесуімізден екі айдан кейін, оның бүгін мешітке келгенін естіп, қатты таңғалдым. Дереу апылғұпыл мен де мешітке келіп жеттім. Тіпті, мешітке мүлде бармайтын шығармын деген жолдасым мешіт сыртындағы намаз қатарларының ең алдынан орын алыпты. Міне, бүгін де үстінде сол баяғы үйреншікті ақ киімі. Тіпті, бүгін мүлдем ерекше.
Ақырындап қасына жақындадым да, сыбырлаған бойда:
– Қане, мешітке мүлде бармайтын шығармын деп едің ғой, – дедім.
Еш жауап қатпады. Өйткені ол табыттың үстінде ақ кебінге оранған күйде жатқан-ды. Жұрт жаназасын шығаруға жиналыпты.
0 дауыс

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ИСЛАМ ЖАЙЛЫ ЕҢ МЫҚТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚ УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ 1) http://www.hyperfileshare.com/d/304e6576 , 2) http://www.hyperfileshare.com/d/fd196e29

3) http://www.hyperfileshare.com/d/58ccc3d3 , 4) http://www.hyperfileshare.com/d/8d9d903c , 5) http://www.hyperfileshare.com/d/90574061 , 6) http://www.hyperfileshare.com/d/aef1657f , 7) http://www.hyperfileshare.com/d/14049d5b, 8) http://www.hyperfileshare.com/d/17f36971 , 9) http://www.hyperfileshare.com/d/35b2d759 , 10) http://www.hyperfileshare.com/d/02951f74 , 11) http://www.hyperfileshare.com/d/b18c940b , 12) http://www.hyperfileshare.com/d/add35194 ,

13) http://www.hyperfileshare.com/d/b823952f

 

...