иә мұндай жағдайлар бізге таңсық емес. себебі күнделікті өмірімізде біз олармен жиі қақтығысып отырамыз. жалпы көпшілік қауым мұны істей алмай жатады. өзіме келетін болсам,егер маған істелінуі керек іс мен үшін маңызды болса,әрине неге істемеске. ал енді өзіңді мәжбүрлеп болсын істі бастауға көндірудің жолдары( не болмаса қойылуы міндетті талаптар):
1. қойған мақсатыңды кім үшін,не үшін істемексің? соны ойлан! бұл маған не үшін керек өзі,бұл мақсатым мені негізгі мақсатыма жеткізе ала ма деген сияқты маңызды сұрақтарға жауап бере отырып, өз мақсатыңызда нақты суреттеп шығасыз! егер бұл іс маған және менің өмірлік қағидаларыма қайшы келіп жатса,бұдан да маңызды істерге бет бұрамын деген позитив болуы керек.
2. мен бастаған істі тез арада аяқтауға тырысуым керек. мен өз мақсатымды айқын көріп тұрмын. мен өз жолымды табамын және ол мен үшін ешқандай да шиеленіскен тақырып болмайды. ішкі мотивация үшін белгілі уақыт аралығын таңдап, сол уақыт аралығында істі аяқтауға тырысамын. бұл уақыт аз ғана болғанымен ,осы уақыт аралығында мен ойға алған жұмысымды аяқтаймын. нақты уақыт аралығын белгілеген соң-ақ істі кейінге қалдырудың реті келмейді.
3. маған өз ісімді кішкене бөліктерге бөлген қатты ұнайды. қызық емес "үлкен" істің өзіңе "қызықты" тұсын әрқашанда табуға болады. осыдан бастау керек.бірінші бөліктен кейін екінші бөлік онан соң үшінші бөлік солай жалғасын тауып іс те өз мәресіне жетері хақ.
4. уақыт аралықтарын жұмыстың әр кезеңінде нақтылап қойып отыру керек. бірақ кенеттен бұл іс сізге қызықты көрініп кетуі ғажап емес. осы тұста өз қағидарларын туралы ұмытып істі соңына дейін жеткізесің. үдеріс соңында 5+ бағасын аласың
5. ең бастысы -позитив!