0 дауыс
17.5k көрілді
Бізде жақында саптық шеру болады.Соған арналған бір жақсы өлең тауып берсеңіздер жаксы болар еді!Рахмет

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
*Мен Қазақпын*
Кәкей Жаңжұңұлы
Ұлысым бай іргелі ел Қазақпын

Ырысым сай нүр жері кең Қазақпын

Мен емеспін кешегі өшкен Қазақ

Құба жонда тентіреп көшкен Қазақ

Мен боламын қойнауға қой қаптатып

Қала салып, білім алып өскен Қазақ

Қазақпын, тегің кім деп тектемеген

Ере келген иткеде кет демеген

Пейілі түссе бір атын түсіп беріп
Бір атын насыбайға өкпелеген

Қазақпын, түнемеген төріне түн

Бар сыры домбырада төгілетін

Аңқылдаған ақ көңіл ел боламын
Аузын ашса жүрегі көрінетін

Қазақпын, қаз мойны ойнақтаған

Ойда баққан бір өңкей қой бақпаған

Ер елдігім ешкімді жатсынбаған
Тереңдігім ешкімді бойлатпаған

Қобыланды Қазақпын батыр елмін

Қозыбаян Қазақпын тату елмін

Қожанасыр Қазақпын аңқау елмін
Абай туған Қазақпын ақын елмінЖағам жайлау, көңілім кең ҚазақпынТанымасаң танып ал мен
0 дауыс
[Мына жерден қараңызшы )][1]


  [1]: https://surak.baribar.kz/41197/
0 дауыс
ЖАН  ДАЛА  – ЖӘННАТ  ДАЛА

 

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала – Қазақстаным.

 

Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,

Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.

Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан

Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.

Ән дала – Қазақстаным.

 

Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,

Түсінем өзендердің саз ағыстарын.

Қалай ақын болмайын, мен түгілі

Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.

Қырандар қанатында даңқы кеткен,

Дән дала – Қазақстаным.

 

Сен менің шұғылаға толған даламсың,

Жасампазым, сан  асу жолдарды аларсың.

Бабамның көздерінің қарашығы ең,

Баламның бақытына да қорған боларсың.

Жан дала – Қазақстаным.

 

Керемет өріледі гүл өңірде өлең,

Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.

Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,

Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.

Кең дала – Қазақстаным.

 

Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,

Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.

Халқым маған сенеді әлсіз демей,

Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.

Жасай бер , Қазақстаным.

                                                 Күләш Ахметова
...