BDE техналогиясы жайлы ақпарат керек?

0 дауыс
1.7k қаралым
Сұрақ - жауап қолданушыларынан өтінем BDE техналогиясы жайлы қазақша ақпарат тауып бере аласыздарма?
• Санаты: Жалпы сұрақ | 1.7k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Delphi-де мәліметтер қорымен жұмыс істеуінің негізі Borland Database Engine (BDE)-Borland фирмасы мәліметтер қорының процессоры болып табылады.BDE мәліметтер қоры мен қосымша арасында делдал қызметін атқарады.Ол мәліметтер қорын реализациялауда қолданушыға мүмкіндік береді.Осыған байланысты мәліметтер қоры реализациясын ауыстырғанда қосымшаны өзгертуге болады. Delphi қосымшасы ешқашан да мәліметтер қорымен тікелей жұмыс істемей, BDE арқылы ғана жұмыс істейді.
Delphi қосымшасы мәліметтер қорымен байланысар кезде BDE-ге барады да, мәліметтер қорының псевдонимін және ондағы қажет кестені хабарлайды.BDE динамикалық тіркестірілген кітапханалар Dle түрінде ұйымдастырылған.Олар, басқа кітапханалар сияқты IDAPI  (Integerated  Database Application Program Interface) деп аталатын API-мен Application Program Interface-қолданбалы программалар интерфейсімен қамтамасыз етілген. Бұл қосымша пайдаланатын мәліметтер қорымен жұмыс істеу процедуралар мен функциялар тізімі.
BDE  псевдоним арқылы көрсетілген мәліметтер қорына сәйкес драйвер табады.Драйвер – бұл қандай да бір анықталған типті мәліметтер қорымен қалай хабарласу керек екенін көрсететін көмекші программа.Егер BDE-ның мәліметтер қорын басқару жүйесіне сәйкес келетін өзінің драйвері бар болса, онда BDE мәліметтер қорымен және ондағы қажет кестемен байланысады, қолданушы сұранысын өңдейді және қосымшаға өңдеу нәтижесін хабарлайды.BDE Microsoft Access, Fox Pro, Paradox, dBase сияқты мәліметтер қорына өздігінен ене алады.
Егер BDE-нің өзінде қажет мәліметтер қорын басқару жүйесінің драйвері болмаса, онда ODBC драйвері қолданылады. ODBC (Open Database Connectivity)- бұл BDE функцияларына аналогты DLL, бірақ Microsoft өзінің офистік өнімдеріне ODBC қолдануын қосқан соң және ODBC үшін барлық мәліметтер қорын басқару жүйесі драйверлер қосылғандықтан, Borland фирмасы ODBC-ты қолдануға мүмкіндік беретін BDE қосты.Шындығында ODBC арқылы жұмыс жасау BDE-ге қосылған мәліметтер қорын басқару жүйесінің өз драйверіне қарағанда жәй жүргізіледі.Бірақ ODBC-пен қатынасқа байланысты Delphi масштабы үлкейіп, қазір Delphi кез-келген мәліметтер қорын басқару жүйесімен жұмыс жасай алады.
BDE  SQL- сұраныстардың стандарт тілін қолдайды, ол Sybase, Microsoft SQL, Oracle, InterBase сияқты SQL- серверімен мәліметтер алмасуға мүмкіндік береді.Бұл мүмкіндік клиент/сервер платформасында жұмыс кезінде кеңінен қолданылады.
рахмет мумкін болса кобирек суреттерімен жокпа презентацмя жасау керек еді
Database Desctop  BDE Administrator сияқты Delphi қойылымына кіреді. Ол жаңа мәліметтер қорын құруға және бар мәліметтер қоры кестелерін редакциялауға, сонымен қатар визуальды және SQL сұраныстарымен және мәліметтер қоры псевданимімен жұмыс жасауға арналған.
Мәліметтер қорының жаңа кестесін құруды қарастыру. Database Desctop программасы қосылады. Енді оның басты менюінен мына пункттерді таңдаймыз: File        New      Table (Файл         Құру      Кесте). Осыдан кейін құрылатын кесте типін таңдайтын (1-суреттегі) диалогты терезе пайда болады. Келісім бойынша программа Paradox 7 типін ұсынады.Егер dBase IV типі таңдалып, ОК батырмасы басылса, кесте құрылымын құратын жаңа терезе (2-сурет) ашылады.
image
   1-сурет.  Жаңа кестені құру терезесі.
 image
 2-сурет  Кесте құрылымын құру терезесі.
 
Бұл терезенің мынадай мүмкіндіктері бар:
•    Өрістерді құру және сипаттау;
•    Кілттік өрістерді беру;
•    Индекстерді беру;
•    Өрістер мәніне шектеулер қою;
•    Параллельдер беру (егер олар қолданылса);
•    Қолданылатын тілдік драйверді көрсету;
•    Мәнді таңдау үшін кестені беру.
Реляциялық кестеде ең болмағанда бір өріс болуы керек.Кесте құрылымында өрісті анықтау үшін кесте құрылымын құру терезесіндегі Field Name (өріс аты) мәтіндік өрісіне кесте өрістерінің атын енгіземіз. Содан соң Type (Tun) өрісінде мәліметтердің типін көрсетеміз. Ең соңында Size (өлшемі) мәтіндік өрісінде өріс өлшемін береміз.
Құрылымы анықталған соң индекстік өріс беріледі. Ол үшін кесте құрылымын құру терезесінің оң жағындағы Table Properties (кесте қасиеттері) төгілмелі тізімінде Indexes (индекстер) пункті таңдалады  ашылған тізім астындағы Define (анықтау) батырмасы басылады.
Индекстік өрісті таңдап, ондағы мәннің қайталанбауын Unique (уникальды)-ге жалауша қою арқылы қамтамасыз етіледі.ОК басылады.Енді құрылған таблицаны сақтауға болады, әзірше онда мәліметтер жоқ.Сақтау үшін Save As… батырмасы басылады.
Бұл құрылған кестені енді программада қолдануға болады.Оны ашып, ішін қарауды Database Desctop арқылы жасауға болады.Ол үшін Database Desctop программасының басты менюінен таңдалады. File         Open       Table…
(Файл    Ашу         Кесте)
Тікелей жаңа кесте құрылымын құрумен қатар, бар кесте құрылымын пайдаланып, оны жаңа кестеге көшіріп алуға болады. Ол үшін кесте құрылымын беру терезесіндегі  Boorrow… (меншіктеп алу) батырмасы қолданылады.
Өріс құрылымы туралы мәліметтерді көшіріп алғаннан бөтен, қосымша информацияны да көшіруге болады.
сізден өтінерім осы материалды ворд ретинде бере аласызба полный  өтініш почтага тастайм десеніз [email protected]
ұжс негізі мынау біреудің дипломдық жобасы еді. ұялып тұрмын беруге )) керек жерін айт берейін
негізі қорықпа мен бұны жариялаудан аулақпын тек маган сабактан презентация коргам и болды өзімде калады. бәрін бер деп жатканым жок ең болмаса осы BDE жайлы айтылған жерлер сол такырып ашылса суреттеримен 5-6 парагы жетеді. Негізі бере аласынба шын айтам авторлық құқығын бұзбауға уәде берем
мәліметтер қорына жалпы түсінің керек па әлде бірден сол базаны берейін ба?
қорқып тұрмын деп емес ұялып тұрмын деген едім )
BDE техналогиясы керек негізі и ADO.NET болса бір ғанибет болар еді BDE баргой соны бере аласынба
ия кешір бере берш өтініш керек болып тұрғаны
ощм адонет жоқ бдеден мыналар келетін сияқты керегін түртіп жібер


Мәліметтер қорының архитектуралары ...........................
Мәліметтер қорын жобалау..........................................................
Мәліметтер қорының реляциялық моделі ....…………………..
Бағдарламалық өнімді құруға қолданылатын инструментальды  құрылғылар
Delphi–де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері..............
Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру.........
Database  Desctop   программасы………………………………..
DELPHI  программалау ортасы...............................................
Delphi ортасында қолданылатын компоненттер…
SQL тілінің негіздері.........................................
кешір оның кайсысында екенін белмедім жанагыны кай такырып тан алдын соны жібершііііііііііііі. и сосын

Мәліметтер қорының архитектуралары ...........................
Мәліметтер қорын жобалау..........................................................
Мәліметтер қорының реляциялық моделі ....…………………..
Delphi–де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері..............
Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру.........
Database Desctop программасы………………………………..
Delphi ортасында қолданылатын компоненттер…
SQL тілінің негіздері.........................................
жібердім. қабыл ал.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
1 жауап
127,938 сұрақ
322,808 жауап
153,161 пікір
72,926 қолданушы