+1 дауыс
43.1k көрілді
Әбу Насыр әл-Фараби туралы кімде қандай жақсы мәлімет бар? Кімдерден әл-Фараби туралы жақсы сұхбат, ой-пікір алуға болады? (болса, сол адамдардың аты-жөндері мен телефондарын жаза кетсеңіздер)

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ (أبو نصر محمد الفارابي арабшасы) (870 - 950) Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл Шығыс, араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби... Әл-Фарабидің түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн Ұзлағ Ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. А. Н. Бернштам, шекарадағы аса манызды мекен және керуен жолдарының торабы болған Отырарға ортағасырлық авторлардың көп назар аударғанын атап көрсетеді. Географиялық көрінісі түрліше бұл өңір суармалы егіншілікпен айналысуға да қолайлы болған. А. Н. Берштамның айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, қырдағы көшпенділер мен қала тұрғындары жиі карым-катынас, тығыз байланыс жасап отырған деп пікір қорыту әбден орынды. Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылы моңғолдар қаланы қиратты, бұл "Отырар апаты" деп аталды; онаң соң 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір Темір қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда Ибн Хаукальдың, Абул Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птоломейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел ауыздағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орында болған. Бірақ Отырар Қазақстан территориясындағы бірден бір мәдени орталық емес-ті. Зерттеушілердің қажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық картасында басқа да мәдени орталықтар (Тараз, Сығанак, Түркістан, Мерке, Исфиджаб және басқа қалалар) болғаны көрсетілген. Сондықтан, біз осы территорияны мекендеген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптасқан өскелең өнері, қол өнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған деп қазір батыл айта аламыз. Осы жазба әдебиеттің пайда болған кезін, ол біздің заманымыздан 300-400 жыл немесе одан да көп бұрын қалыптасты ма деген мәселені келешекте тарихшылар мен тіл мамандарының анықтауына тура келеді. Міне, сондықтан да, қазақ топырағынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр Әл-Фараби, Исхақ Әл-Отрари, Исмаил Әл-Шаухари, Жемал Әл-Түркістани, Әл-Сығнақи, Әл-Қыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау саңлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің орны ерекше. Ал енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығынан, осының арқасында оның Аристотельден кейінгі "Екінші Ұстаз" атанып, даңққа бөленгенін айтатын болсақ, Әл-Фараби жастайынан-ақ ұлы Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен түп нұсқасынан танысқаны жөнінде бізде деректер бар. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол, жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол, Араб Халифатының саяси және мәдени орталығы болған, Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой-беделге ие болды. Бірақ өресі тайыз, кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе, олар Әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені, оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден іздеп табуға мезгейтін еді. Ақыр соңында Әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің "Фусул ал-мадани" ("Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері") деген соңғы шығармасында ол: "Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс", – дейді. Әл-Фараби Александриялық (Мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Хоранға келіп қоныс тебеді. Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда ол Солтүстік Сирияның жетекшісі әрі саяси қайраткері Сейд Ад-Дуаль Хамданиге аса кадірлі болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында қайтыс болды. Біздің заманға Әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол шығармалардың ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері толассыз. "Мұсылман Ренессансы" деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері оның шығармаларымен белгілі бір дәрежеде өз орнын алады. Әл-Фарабидің шығармаларында көне замандағы дәстүрдің және "Бірінші Ұстаз" деп Шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарих барысында қалдырған әсері, неоплатонизмнің, несторианшылдықтың әсері және исламның әсерімен Аристотель идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жақсылары мен бағалыларын әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше бағалы жағы да сол – ол Аристотель ілімінің формальдық жағымен ғана шектелмейді, диалектика элементтеріне, мәселені қарама-қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының іргетасы болып табылатынын дәлелдейді. Әл-Фараби Аристотельдің, Әл-Қиндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейщнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы – А. Атеш 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров – 200 трактат деп көрсетеді. Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" мен 4 сопылық еңбектеріне түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда зор рөл атқарды. Сондықтан да, XI ғасырда өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты Әбу Әли Ибн-Сина (980—1037) тек Әбу Насыр түсіндірмелері арқылы ғана Аристотель еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы жазған екен. Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб тіліне аударылып үлгерген-ді. Араб Шығысында Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ көп еңбектері тәржімаланбағандықтан ұлы грек философиясының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде түсіндірме жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс-әрекетін таныта білді. Сондықтан да, шығыс философтары оны "Әл Му'алим Әс-Сани"— "Екінші ұстаз" деп атаған. Ұлы Бабамыз Аристотельдің философиясын дамыта отырып, өз тарапынан да "Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі", "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", "Музыканың үлкен кітабы", "Философияны аңсап үйрену үшін алдан-ала не білу қажеттігі жайлы", "Ақылдың мәні туралы", "Әлеуметтік-этникалық трактаттар",

тамаша, рахмет!!!

сұхбат алуға болатын, жааақсы мәліметтер айтып, құнды дүние бере алатын адамдардың тізімі керек еді.... ондай таныстарыңыз жоқ па?
Рауан сайтқа сілтеме жасағаның дұрыс болар еді ұзыннан ұзақ қылмай
массаған порталында Сера деген жігіттен көптеген мәліметтер аласыз  http://www.massagan.com/forum.php?mod=viewtopic&topicid=21&start=1000
+1 дауыс
Әбу-Насыр Әл Фараби ұлы ойшыл ғалым Отырар қаласында дүниеге келген. Оның толық аты: Әбу-Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн Әл-Фараби. Жас кезінен арабша парсыша тілдерін меңгерген. Кітапты көп оқыған. Ең көп оқитын кітабы Аристотельдің кітабы екен. Оның балалық шағы Отырар қаласында өткен.

Бір кездері Әл-Фараби кітапханада Аристотельдің кітабын оқып отқанда қасына бір адам келіп:

Саған Аристотельдің кітаптары ұнай ма? Сенің шәкірттерің бар ма? деп сұрайды.

Жоқ. Егер Аристотель тірі болғанда мен оның шәкірті болар едім деген екен.
ммм, көп-көп рахмет сізге!!!

тағы да тың дүниелер болса, жаза кетсеңіздееер, иа. алдын-ала көп рахмет!!!
1 спам
+1 дауыс

http://www.inform.kz/kaz/article/1200274 мына жерде бар

көп рахмет, Алла разы болсын!!!
+1 дауыс
http://inust.kz/index.php/ӘБУ_НАСЫР_әл-ФАРАБИ  мына  сайтта көп мәліметтер бар
Меруерт, рахмет сізге!!!
+2 дауыс

Фараби, Әбу-Насыр (Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Түрки) (870-950) - Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопидист ғалым. Туған жері Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласы. Отырарды арабтар «Фараб» деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру үшін аты жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат түрк» атты еңбегінде Фараб қаласының түрікше аты «Қарышоқы» деп көрсетеді. Әл Фараби заманында бүкіл ОртаАзия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. СОл кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді. Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме», « Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл мусики әл кабир» секілді әрқайсысы бір бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар. Мұның сыртында соңғы жылдары Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше және Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып әкеліп, Алматыдағы Әл Фараби атындағы ұлттық университеттің кітапханасына тапсырған Әл Фарабидің қолжазбалары өз алдына бір пара қазына. Олардың көшірмесі (он үш қолжазба) бүгінде Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында сақтаулы. Өмірінің соңына қарай Әл Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шахарында келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс болады. Оның денесі Шам шахарының Кіші қақпа (Баб ас Сағир) жағындағы зиратқа қойылады. Әл Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейінгі кездегі шығыс ғалымдары оларды бөліп жармай «Қос Фараби» деп те атайды. Сондай ақ еңбектері ұлы ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар Беруни, Бозжани, Омар Һайямдар да өздерін Әл Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген.

yes рахмеееет

+1 дауыс
Тізімін білмедім, бірақ жақсы мәліметтер айтып, құнды дүние бере алатын маған  ол менің өзімнің анам
Әрине, алдымен анамыз ғой...
+1 дауыс
http://mukhanov.ucoz.kz/publ/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%20%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D1%8B/9-1-0-25
+2 дауыс

 

Егер қажет болып жатсааа...

Қазақстандық Фарабитанушы ғалымдар

  1. Ағжан Машани – Академик
  2. Ағын Қасымжанов - филос.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА мүше корреспонденті
  3. М.С. Бурабаев-филос.ғ.д., профессор – кітабын табуға болады
  4. Ауданбек Көбесов- филос.ғ.д., профессор
  5. Әнуар Әлімжанов- жазушы
  1. Құбығұл Жарықбаев- психол.ғ.д., профессор
  2. Әбдүмәлік Нысанбаев-Академик, филос.ғ.д., профессор

ҚР БҒМ Философия және саясаттану институтының2725910 директоры – Бақаш Бурабаев (Қасымжанововтан кейін осы басқарган) туралы мәлімет алуға болады.

  1.  Клара Таджикова-филос.ғ.к., доцент, арабтанушы, аудармашы – көп аударған
  2. Ақтолқын Құлсариева-Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филос.ғ.д., профессор, философия және саясаттану факультетінің деканы, мәдениеттанушы
  3.  Жакыпбек Алтаев- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филос.ғ.д., профессор, әлеуметтік философия кафедрасының меңгерушісі, Әл-Фараби орталығының директоры
  4.  Шамшиден Абдраман- педагог.ғ.д., профессор. Ағжан Машани орталығының директоры3956916/ 2 92 28 98-жұмысы, 87051076339     *.ПолиТех 5-этаж. 519-кабинет
  5.  Ғалия Құрманғалиева- филос.ғ.д., профессор
  6.  Наталья Сейдахметова- филос.ғ.д., профессор
  7. Анель Қасымжанова - филос.ғ.д., профессор
  8. Айнұр Құрманалиева- филос.ғ.д., профессор
  9. Айна Қабылова- филос.ғ.д., профессор
  10.  Мақсат Сандыбаев-филос.ғ.к., доцент, арабтанушы, аудармашы – «Музыканың үлкен кітабы»

 

Шет елдік Фарабитанушы ғалымдар

  1. Б.Ғ. Ғафуров-Академик, тәжік Шығыстанушы ғалымы, Мәскеу Шығыстану институтының ұзақ жылдар директорлық қызметін атқарған.
  2. М.К. Хайруллаев-Академик, өзбек ғалымы.
  3. А.В. Сагадеев- филос.ғ.к., доцент, орыстың атақты Шығыстанушы ғалымы.
  4. Е.Э. Бертельс-Ресей  Шығыстанушы ғалым.
  5. С.Н. Григорьян- Ресей  Шығыстанушы ғалым.
  6. В.В.  Соколов- Ресей  Шығыстанушы ғалым.
  7. Ибригим Мадкур- Араб фарабитанушы ғалымы.
  8. М. Штеиншнейдер- неміс Шығыстанушы ғалымы.
  9. Ф. Дитерици- неміс Шығыстанушы ғалымы.
  10. Р. Хаммонд- Еуропалық шығыстанушы ғалым
  11. Р. Вальцер- Еуропалық шығыстанушы ғалым.
  12. де Бур- Еуропалық шығыстанушы ғалым
  13. Карра де Во- Еуропалық шығыстанушы ғалым
  14. Х. Тураба- Еуропалық шығыстанушы ғалым
  15. М.Хартен- Еуропалық шығыстанушы ғалым

Фараби туралы әдебиеттер тізімі:

  1. Гафуров Б.Г., Қасымжанов А.Х.-«Аль-Фараби в истории культуры». Москва, 1975 г.
  2. Хайруллаев М.М. «Философское мировоззрение аль-Фараби». Ташкент, 1963
  3. Хайруллаев М.М «Фараби эпоха и учение». Ташкент, 1975
  4. Мец А. «Мусылманский Ренессанс». Пер с нем Д.Е. Бертелсь. Москва, Наук 1966
  5. Бартольд В.В. Ученые мусулманского «Ренессанса». М, Наука, 1966. Т. VI-740 б.
  6. Қасымжанов А.Х - «Аль-Фараби». Москва, 1982 г.Мысль.
  7. Қасымжанов А.Х- «Эстетические взгляды Аль-фараби». Душанбе,Ирфон, 1990 г.
  8. Әнуар Әлімжанов. «Ұстаздың оралуы». Алматы, 1973 ж.
  9. Ағжан Машани. «Әл-Фараби және Абай». Алматы,
  10. Көбесов А.К. «Матиматическое наследие Аль-Фараби». Алматы, 1974 г.
  11. Көбесов А.К. «Астрономия трудах Аль-Фараби». Алматы, 1981 г.
  12. Көбесов А.К. «Әл-Фараби». Алматы, 1971
  13. Сатібекова С.К. «Гуманизм Аль-Фараби». Алматы, 1975
  14. Жарықбаев Қ. «Аль-Фараби (библиографический указатель)». Алматы, 1977
  15. Алтаев Ж.А.-«Қазақ халқының рухани мұралары». Алматы, 1998 ж.
  16. Алтаев Ж.А., Қасабек А. «Қазақ философиясы» Алматы, 1996
  17. Қабылова А. «Әбу Насыр Әл-Фараби философиясындағы білім мен зерде». Алматы, 2009 ж.
  18. Қасымжанова А.А. Аль-Фараби и арабо-мусульманская культура. Алматы, 2001
  19. Анель Азимхан. Философское приношение аль-Фараби. Алматы, 2006
  1. Әл-Фараби. «Философиялық трактаттар». Алматы, 1970
  2. Әл-Фараби. «Әлеуметтік-этикалық  трактаттар». Алматы, 1973
  3. Әл-Фараби. «Логикалық трактаттар». Алматы, 1975
  4. Әл-Фараби. «Математикалық трактаттар». Алматы, 1972
  5. Әл-Фараби. Бақыт жолын сілтеу. // Қазақ халқының философиялық мұрасы. Астана, 2006.
  6. Әл-Фараби. Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері. // Қазақ халқының философиялық мұрасы. Астана, 2006
  7. Аль-Фараби. «Комментари к «Альмагесту». Птолемея. Алматы, 1975
  8. Аль-Фараби. «О разуме и науке». Алматы, 1975
  9. Аль-Фараби. «Ал-джам байн ар-ра ай ал-хакимайн Афлатун ал-илахи уа Аристуталис. Каир, 1907.
  10. Аль-Фараби. «Ихса ал-улум». Каир, 1931
  11. Аль-Фараби «Китаб ал-хуруф». Бейрут, 1970
  12. Аль-Фараби. «Китаб ал-музик ал-кабир». Каир, 1967
  13. Аль-Фараби. «Китаб аль-Фараби ди ал-Мантик». Братислава, 231-ТЕ-41
  14. Аль-Фараби «Научное творчество». –сборник статей. М., 1975
  15. Аль-Фараби и развитие науки и культуры стран Востока. Тезисы докладов. Алматы, 1975.
  16. Аль-Фараби. «Трактаты о музыке и поэзии». Алматы «Ғылым». 1993
  17. Аль-Фараби. Книга букв// пер. К.Х. Таджиковой  - Алматы, Қазақуниверситеті, 2005
  18. Ал-Фараби. Историко-философские трактаты. Алматы, 1972.
  19. Әл-Фараби. «Музыканың үлкен кітабы туралы». Алматы, 2009.
  20. Аль-Фараби и развитие Восточной философии. Астана, «Елорда», 2005
  21. Аль-Фараби. О происхождение наук.// Григорьян С.Н. Из истории философии Средней Азии и Ирана / ХІІ. М,1960
  22.  Григорьян С.Н Средневековая философия народов Ближнего и Среднего Востока. М., 1966
  23. Әбу Насыр Әл-Фараби. Таңдамалы трактаттары. Алматы, Арыс, 2009
  24. Badawi A.Histoire de la philosophie en Islam. Paris, 1972.
  25. Dieterici Fr.Alfarabi´s  philosophische Abhandlungen. Ledien, 1892.
  26. Farmer H. G. Al-Farabi´s Arabic-Latin Writings on Music. Glasgow, 1934.
  27. MadrourI.La place d´ al-Farabi dans L´ecole philosophique musulmane. Paris, 1934
  28. MadrourI.La metaphisique en terre d´ Islam, die Metaphysic im Mittelater ihr Ursprung und ihre Bedentung. Vortrage der II Internationalen Kongresses fur mittelalterliche philosophie. Koln, 1961
  29. Steinschneider M. Al-Farabi. Der arabischen Philosophen Leben und Schriften. St.Peterburg, 1869
  30. Majid Fakhri. Al-Farabi. Oxford OXAR,  2002/ ағылшын тілінде
0 дауыс
Әбу Насыр әл фарабидің нақыл сөздерін жіберіңдерш өтінем
0 дауыс
Əл Фарабидің денесін қай жылы қазақстанға алып келді .осыны тауып беріңі
...