Сенің айтпағыңды түсіндім. Яғни, дайын асқа үйренгеннің болашағы бар ма дегің келгені ғой?! Енді, бұл адамдардың өз қалауы ғой, есеп шығаруға, іздестіруге ерінген, осы жерге қояды сұрағын немесе керісінше таба алмай, қиналған кезде амалсыздан қоюы да мүмкін, енді біз нақтысын білмейміз ғой, виртуальдан бөлек адамның не тірлік бітіріп жүргенін, іздеуге, шығаруға шамасы келмегендіктен, біздің жауабымызға зәру болғандықтан қоятын шығар бәлкім! Бірақ мектепте оқушылардың өздері дайындау қажет сұрақтарды, біреудің ойын пайдалану арқылы жауабын табу, сатқындыққа бару- бұл енді нағыз ұят! Ана жақта мұғалімі сеніммен тапсырған тапсырмасын, қандай жолмен шешімін тапқанына өзі ұялмаса білмедім! Бірақ көпке күл шаша алмаймын, себебі, адамдарға менің де ісім түсуі мүмкін!!!