Тәуелділік бар секілді..... Интернет бұл психологиялық ауру деп қарастыруға болады! Бұл ауру қалай басталады? Адам мүмкін болған мезетті қалт жібермей, интернетке қосылуға тырысады. Компьютер алдына отыра салысымен өзге дүниені, жұмысты, жеке істерін жиып қойып, виртуалды әлемге кіреді. Компьютер ойындары оны нақты өмірден алыстатып, қияли дүние ортасына тарта түседі. Бұл құмарлық асқына келе тәуелділікке ұласады. Ол біртіндеп достарынан, туыстарынан алыстап, көңілі тек интернетті қалап тұрады. Егер де мұндай адамды интернеттен мәжбүрлеу арқылы ажыратса, ол өзін өте жайсыз сезініп, мазасы кетеді, қашан интернетпен табысқанша жаны жай таппайды. Оның оқуға, жұмысқа ынтасы жоғалады, онда ешқандай да негізсіз, бос ойлар, ұйқысыздық, тіпті ұйқыдан бас тарту пайда болады, оның бойында бұрын болмаған кофеге, темекіге, ішімдікке құмарлық байқала бастайды. Мұндай адамда қан қысымы қалпынан үнемі ауытқып тұрады, басы, көзі ауыратын болады, сүйектері сыздап ауырады. Сондықтан бұл бәледен тезірек құтылғанымыз жөн сияқты!