+1 дауыс
570 көрілді
мен барлық апа сіңілдеріммен жанжалдасып қала беремін,даже ата анама сөз қайтарып қоюды әдетке айналдырып кеткенмін мен не істесем болады?

4 жауап

+2 дауыс
сабыр түбі сары алтын САБЫР сақта сойлеріннен тереееееең ойла
+1 дауыс
"Өтпелі кезең" сияқты ғой сенде, Ия...Ия өтпелі кезең, ондай-ондай ханның қызында да болған, жалжалдаспаудың ең оңай жолы, сөзден бір рет ұтылып көр, яғни саған біреу  ауыр тиетін  бірдеңе десе, көңіліңе алмай айтқанын әзілге айналдырып көр, мән берме, сіңлілерің ұрсысып жатса, басқа бөлмеге кетіп қал, немесе далаға шығып кет! Шыдай алмай, сөз қайтарғың келсе, таза ауаға барып демалып кел!!! Басқа ештеңе дей алмайды екенмін!!! Кешір..
+1 дауыс
Өзіңді толғандырып жүрген мәселелеріңмен ата-анаңмен бөліс, ең жақсы жолдасың - анаң болсын.
0 дауыс
Үндемеген үйдей пәледен құтылады.
Сабыр түбі- сары алтын.
Сабырлы болсаң мақсатқа жетесің.
Сабырлы адам сақтанып сөйлер, Сабырсыз адам мақтанып сөйлер.
Менің сізге айтарым, жылқы мінезді болыңыз. Жылқы мінезді дегеніміз - аамгершілігі мол, сабырлы да салмақты адамды «жылқы мінезді» деп айтады. Дәл қазір,сіздің жасыңызда осындай мінезді көресете білу керек. Әр іске сабырлылық танытыңыз. Менің ұстазым айтатын: ата-анаңа қарсы сөйлеп жатсаң, тіліңді тістеп қал дейтін. Сол кісі айтқандай сіз де тіліңізді тістеп қалыңыз.
...