+1 дауыс
52.3k көрілді

4 жауап

–1 дауыс
+1 дауыс

мына жерде  нашақорлықтың алдын алу жайлы түсірілген видео бар

0 дауыс

Бізде осыған байланысты акция өткен, сонда ютубтан видео көшіргенбіз.

Бір сайттан көшіргенмін, бірақ есімде жоқ қай сайт екені, айып етпеңіз.

Есірткі

Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен.
Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл   жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды.
Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар   Ұйымының құзырына көшті.
Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезенде ересектер арасында да ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Нашақорлардын саны 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 98% өскен. Сондықтан әңгімеміз тек жасөспірімдср арасындағы нашақорлыққа салынудың себептері неде?
Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне адам ойына келмейтін жауап кайтарады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Жасөспірімдер өздерінің ержүректігін, дербестігін танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Мұндай   топтар үй жақта, би алаңдарында, мектепте де ұйымдасады және топ ішінде алғашқы "тексерістер" болып өтеді. Топтық психология, еліктеушілік, ермелік топ ішінде біреуі есірткі немесе шарап дәмін татқан болса, уақыт өткен соң топтың барлық мүшелері есірткі мен алкогольге әуестенуге соқтырады. Бұзақылар арасына түсудің де себептері көп. Бұл отбасындағы кикілжің де, ата-аналардың, мұғалімдердің бала бос уақытын калай өткізетініне назар аудармауы да, тіпті баланың қолында артық ақшаның жүруі де болуы мүмкін. Кеш болысымен жиналатын жасөспірімдер музыка тыңдап, бейне таспаларын көріп немесе көше кезіп уақыт өткізеді. Ал бұл болса адамның ішін пыстырады. Қазір спорт, музыка, өнер мектептерінде оқу қымбат, барлық ата-ананың қаржысы жете бермейді. Сөйтіп күндердің күнінде топқа бұрын есірткінің дәмін татқан "білгіш" қосылады. Бір ерекшелігі нашақорлар басқаларды есірткіге әуестендіру әрекетін әдейі жасайды. Өйткені нашақор еңбек етуге дәрмені жоқ адам, ол есірткі сатып алуға қажетті ақша іздейді де жүреді. Нашақор қаражатты ұрлықпен табудан басқа амалын білмейді, ал ұрлык әрдайым жазасыз болмайды. Сондықтан нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіге әуестендіруге, соның арқасында өзінің "қамын" ойлауды мақсат етеді. Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол. Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады. Еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Олардың бірі қызық көруді қаласа, екіншісі басқалардан қалмауды, тағы бірі өзін ересек көрсетуге тырысуды, ендігі біреуі бар қиындықтан қашып, ләззат аламын дейді. Бара-бара жасөспірім нашақорға, есірткінің құлына айналады.
Есірткінің   ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып калады. Міне, адамдардың нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр. Танысы, бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең, шексең нашақор болмайсың, қиындықтардың барлығын ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал әлеуметтік қиындықтардан, отбасындағы ұрыс-керістен, жұмыссыздықтан немесе қызметіндегі жанжалдан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да "қашып кетуді" ойлап, есірткінің дәмін татады да, нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.
Нашақордың, мейлі ол тек марихуана шеккеннің өзінде жасы ұзаққа созылмайды. Марихуана шегетіндердің ең алдымен өкпесі қабынады, бронхит, одан әрі өкпе рагі дамиды да адам өлімге дайындалады. Соңғы кезде ғалымдар марихуананың бауыр мен жүрекке де кері әсері бар екенін дәлелдеді. Ал осы есірткі түрінің  миға кері әсерінің салдарынан адамның жаттауға қабілеті нашарлап, ұмытшақ етеді.
Марихуана шегушілердің басқалармен қарым-қатынас жасауға құлқы болмайды. Есірткінің опиат тобындағы түрлерін қолдану нашақорлар арасындағы өлімнің және мүгедектің басты себебі болып табылады. Опиатты есірткілерді (морфин, героин, кодеин, метадон) және басқалары ең алдымен ине шаншу арқылы колданады. Сондықтан оларды қолдану кезінде ең қауіпті аурулар — СПИД, сифилис жөне гепатит жұқтыру мүмкіндігі күрт жоғарылайды. Нашақорлардың көбісі осы үш аурумен ауырады. Гепатит, оған қоса есірткі заттармен улану бауырдың дистрофиясына алып келеді де, адам мүгедек болып қалады. Көкнәр шикізатын ацетон, бензол, толуол, уксус ангидриді секілді органикалық еріткіштермен өндейтіндіктен қолданылатын есірткіде олардың 5% қалады. Есірткі қанда қалады да, еріткіш заттар бауырды күйдіріп, сонда шөгеді. Әрине, нашақор есірткі қолданып жүргенде оны байқамайды, ол есірткімен уланған кезінде ауыртпалықты сезбейді. Нашақор өзінің мүгедектігін тек екі жағдайда байқайды: өзі іріңдеп, шіри бастағанында немесе нашақорлықтан емделіп, есі орнына келген кезде. Органикалық еріткіштер мен уксустік ангидридтен тек қана бауыр емес жүрек, ми, өкпе де зардап шегеді.
Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді. Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:
- ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытынын болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы;
- отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі колдануы;
- әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы;
-ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда
маскүнем немесе нашақор болуы;
-отбасы мүшелерініц бір-біріне деген сүйіспеншіліктің болмауы, отбасындағы   түсініспеушіліктің орын алуы;
- мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне    көңіл     бөлмеуі,
жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуі;
- достарының арасында нашақорлардың бар болуы;
-өзінен жасы үлкен достарынын жетегінде жүруі;
-алкоголь   мен   есірткіге    қол жеткізудін оңай болуы;
-әлеуметгік-экономикалық жағдайының төмендігі.
Ал енді жастарды есірткіден қалай қорғап қалуға болады? Қазіргі жастар тез өсіп, дене бітімі тез жетіледі. Алайда олардың сана-сезімі мен дүниетанымы әлі де болса балалықтан асып кете алмайды. Біздің айналамызда еңгезердей балақайлар жиі кездеседі. 9-12 жасар балалар есірткіге сирек әуес болады. Олардың әуестендіру әдейі жасалған әрекет бол-маса, бұл жастағылар темекі шегуді де мәртебе санайды. Олардың кейбіреулері шарап та ішеді. Тоғыз-он екі жасарлар үй жақта немесе мектепте арзан улы химикаттарды иіскеуі мүмкін. Сондықтан ата-ананың міндеті осы жастағы балаға көбірек көңіл бөліп, темекі, спирттік ішімдік және есірткінің зияны туралы жиі айту. Мұндай әңгімелер іш пыстыр-майтын болғаны абзал және де бостан бос миды ашытпай, жәй айтып кана қоймай, мысал да келтіру кажет.
Аталмыш жастағы балалардың психикасы сезімтал бол

+1 дауыс

Есірткі,темекі,алкогольге арналған слайдтар мен презентациялар жүктеу!

Ұқсас сұрақтар

...