Мен поэзия десе ішкен асын жерге қоятын жандардың бірімін. Мұқағали Мақатаев пен Мұхтар Шахановтың жырларымен сусындап өстім. Осы ақындардың жыр кітаптарын оқыдым, сонымен қатар Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдарын" екі рет оқып шықтым, Сайын Мұратбековтың "Жабайы алмасын", Бексұлтан Нұржекеевтың таңдамалыларын, Сәкен Жүнісовтың "Ақан серісін", Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын... Дәл қазіргі менің кітапханам adebiet.kz сайты. Уақытымның басым бөлігін сонда өткіземін. Өміріме қажет нәрсе алу үшін, жан дүниемді көркем сөздермен байыту үшін...