ҰБТ-да проходной 70 балл болдыма?

+1 дауыс
788 қаралым
Осы жылы ҰБТ-да проходной 70 балл деген рас па? Осы жайлы толықрақ айтсаныздар? Біреулер қайта бұрынғы қалпында қалды дейді распа,? Кімге сенерімізді білмей қалдық өой өзі!
• Санаты: Мектеп

1 жауап

+3 дауыс
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Абдиевтің хабарлауынша, 2012 жылғы ҰБТ өту балын арттырмау шешімі қабылданды. Алайда «Ұлттық» мәртебесі бар ЖОО-ларға түсу балы өзгеріссіз қалды. Қазақстандық ЖОО-ларға биылғы сынақтан өту баллы 50 болса, «Жалпы медицинаға» ең төменгі балл 55 болды. Ал ұлттық университеттерге түспекші талапкерлер кемінде 70 балл жинаулары қажет.

ҰБТ 2012 жаңа ережелері:
 1. Математика пәні бойынша бір логикалық  есеп қосылды.

2. Апелляция беруге өтініш қабылдайтын уақыт 1 сағатқа ұзартылды.

3. Ауылды жерлерде дәліз бен аудиториялардағы кезекшілерді ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері алмастыратын болады.

ҰБТ 2012 тестілеуінен босатылатын түлектер тізімі:

Халықаралық мектеп түлектері, Назарбаев атындағы интеллектуалды мектеп түлектері, жалпы білімдік пәндер бойынша соңғы үш жыл ішінде ғылыми жоба және халықаралық олимпиада жеңімпаздары ҰБТ 2012 сынағынан босатылады.

2012 түлектері:

Білім және ғылым министрлігінің болжауынша, ҰБТ 2012 сынағына 125 000 түлек қатысады. Бұл шамамен Қазақстандық түлектердің 80 пайызы.

ҰБТ 2012 өткізілу күні: 1-15 маусым аралығы
Мәлімет..Массагет сайтынан алынды.

Ұқсас сұрақтар

127,727 сұрақ
322,283 жауап
153,149 пікір
72,736 қолданушы