Қызыл телпек туралы өлең
Жазылды жаңа бір ертегім,
Жаныма жап-жақсы қосылды ән.
Көз тартып қып-қызыл телпегің,
Сен маған жолықтың тосыннан...
Мазалай қоймайды енді әркім,
Бақытқа керек қой оралу...
Жанымды ұғарсың сен бәлкім,
Қып-қызыл телпекті сол ару.
Келгендей менің де кезегім,
Қиялым қиянға ертеді.
Екеуміз жайында, сеземін,
Жазылар әлі көп ертегі...
Жанымды түсінші сен менің,
Қалпыңды жоғалтпа сүйкімді...
Болды бір түсіме енгенің,
Ояндым мен қимай ұйқымды...
Туылған шығармын бағыңа,
Жүректен естілсін тек бір ән.
Қып-қызыл телпекпен тағы да...
...тағы да жолықсам деп тұрам!
24.11.2010