Химиядан есеп емес Сұрағым бар. Толығырақ ішінде жазылған

0 дауыс
1.5k қаралым
Лантаноидтар және Актиноидтар дегеніміз не ?
• Санаты: Химия

1 жауап

+3 дауыс
Лантаноидтар, лантанидтер (лантан және грек. lіdos — бейне, түр), элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобында лантаннан кейін орналасқан; атомдық номері 58 — 71 аралығындағы 14 химиялық элементтің [Ce (атомдық номері 58), Pr (59), Nd (60), Pm (61), Sm (62), Eu (63), Gd (64), Tb (65), Dy (66), Ho (67), Er (68), Tm (69), Yb (70), Lu (71)] тобы (шоғыры). Сирек жер элементтері тобына кіреді. Лантаноидтар екі топқа бөлінеді: церийлі (Ce-ден Eu-ге дейін) және итрийлі (Gd-ден Lu-ге дейін). Ce-ден Gd-ге дейінгілері жеңіл Лантаноидтар, ал Tb-ден Lu-ге дейінгілері ауыр Лантаноидтар деп аталады.


Актиноидтар, актинийліктер — элементтердің периодтық жүйесінің VІІ қатарында, актинийден кейін орналасқан. Реттік нөмірлері 90-нан 103-ке дейінгі 14 элемент. Оған: торий (Тh), протактиний (Pa), уран (U), нептуний (Np), плутоний (Pu), америций (Am), кюрий (Cm), берклий (Bk), калифорний (Cf), эйнштейний (Es), фермий (Fm), менделевий (Md), нобелий (No) және лоуренций (Lr) жатады

Ұқсас сұрақтар

–1 дауыс
0 жауап
127,761 сұрақ
322,325 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы