Сайт қолданушыларының белсенділігі төмен емес па?

+1 дауыс
1.0k қаралым
Қазіргі кезде сайтымызда 6800-ден астам қолданушымыз бар. Сол қолданушыларымыздың ішінде балл бойынша ұпайлары 1000-нан асатындары 120-ға жетпейді екен.  3170  қолданушымыздың балл саны 50-ден аспайды екен.  Бұл сайт қолданушыларының немқұрайдылығын немесе әлсіздігін көрсетпейді ма?
• Санаты: Жалпы сұрақ | 1.0k қаралым

5 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
Жоқ! Бұл сайт қолданушыларының немқұралылығы емес! Әдетте қолданушылар, әсіресе жаңа қолдаушылар бұл сайтқа тіркелгенде көбіне сұрақ қою үшін емес, қойылған сұрақтар мен жауаптарды оқу үшін кіреді. Бастапқы тіркелген баллы 50 болғандықтан олар сол күйі қалады. Және мұндағы сұрақтар мен оған берілген жауаптарды жаңа кірген қолданушыға қызық көрінеді. Бүгін оқыған ол ертеңіне сайтты таба алмай қалады. Сонымен сайт қолданушылары мұнда небәрі бір-екі күн ғана қонақ болып, құпия сөзін де, логинін де ұмытып кете барады. Себебі, көп қолданушылар әлдебір мәліметті іздестіру үшін интернет-кафелерге барады, әрине ол сосын ұмытылады. Үйінде компьютер, интернеті жоқ адамдардың көп екенін ескерсек, бұл сайттың немқұрайлы емес екенін дәлелдейді.
Сондай-ақ, сайт қолданушыларының 80-90 пайызы мектеп оқушылары екені мәлім. Ал олар қойған сұрақ сабақ пен жауапсыз махаббат, көзімен көрген сандырақ, әлі өмір көріп, басына таяқ тимеген бүлдіршіндердің сұрағы екенін алға таруға болады. Бұл сіз бен біздерге немқұрайлы әлсіз көрінгенмен, олар үшін тиімді секілді. Ал олардың көзімен қарау үшін баламен бала болуға тура келеді.
Алдағы күнде әр маманның иесі,  сұраққа нақты жауап берушілер табылатынана сенемін. Сайттың ашылғанына бір жарым жыл)))
+2 дауыс
кейбір адамдар тек өздерінің сұрақтарын қоюға ғана тіркеледі
–1 дауыс
Сайт қолданушыларының емес сайт әкiмшiлiгiнiң немқұрайдылығын әлсiздiгiн бiлдiредi.
Осы сөзге жауап беру керек, бұлай деуге қандай себеп тек бір адамға жүктеу?
Қырғи, Егер бұл сайт ұнамаса, немесе көңіліңнен шықпаса нең бар еді тіркеліп, пікір жазып дегендей ғой....... (басқа сайттар көп-қой мыс: "вопрос-ответ" деген сияқты, соларға сұрағыңды қоя бермейсің бе?)
Бұл сайттың ең бірінші мақсаты интернетте қазақ тілді мәліметтер базасының жинақталуына кішкентай болса да үлес қосу, мысалы гуглге қазақша сосын орысша бір сөз жазып қарап салыстырсаң, қазақ тіліндегі ақпараттарға қарның ашып кетеді. Осы сайттың бір қолданушысы  жалғыз-ақ сұрақ қосын, жалғыз-ақ жауап алсын ол қазақ тілінде интернетке бір ақпарат түсті деген сөз.
Түптеп келгенде мәнді, мағыналы бір сұраққа жауап берсең, ол сенің қазақ тіліне қосқан үлесің, "Ұлттың болашағы тілінде", тіпті қазақ халқының болашағына деген сенімің, Нағыз намысшыл болсаң, жалған намысты қоя тұрып, осыларды ойлан!
Хе... хе... аздап қуып кетсем кешірерсіздер!
Аздап қуып кеткенiң рас ендi))))).
АЛ АСТЕР дәлел керекпа не саған?)))) Сайт админi сайттың ережесiн дұрыс бекiтiп алсын. Жазығы жоқ қолданушының сұрағы жасырылса, соны ашуын талап етем деп жүргенде 3 күнге банға түсiрсе. Сол туралы қолданушыларға түсiнiк беруге мiндеттi болмаса сайт атаңның басы жақсарады)))).
Жоқ қуып кеткен жоқсыз. Орынды сөз. Бірақ бәрінің аузына қақпақ қоя алмаймыз ғой. Әркімнің ой әр түрлі келеді. Бірі сайт әкімшілігі кінәлап жатса бірі белсенсіз қолданушыларды кінәлайды. Бұл саұрыққа https://surak.baribar.kz/60276/ мына сұраққар ұқсас, осыдан қарап көріңіздер. Шынымен адам көбейіп бара жатыр. Бірақ көбісі белсенсіз. Менде кезінді қойғанмын. Шынымен тіркелгеннен кейін белгілі бір уақыт беріп, уақыт өткен соң өшірілетіндей болса.
Қырғи 1 аптадай болсы осы сайтта ұрсып жүргеніне. Көркем, Юзер лермен ұрсып енді админге шықты дегенге сене алмаспын. Сіз қазір  дәрежен "студент" яғни тіркелге көп болған жоқ. Сен білмейсін бұл сайтқа қаншалықты админнің үлес қосып жүргенің. Бұлай бос сөзді жаза бергенше шынымен сәл ойлан. Дәл қазір қарап отырсам саған Көркем, Юзер, vvvwww ,AL-ASTER, Кука , яғни бүкіл профессорлар (бұрыннан келе жатқан қолданушылар) қарсы кеп жатыр. Бұлардың бәрі саған қарсы шыққаны емес. сен дұрыс түсін. Олар сенің осындай бос сөздеріне (сайт ережесіне қарсы) қарсы кеп жатыр. Кеше сұрақ қойдың "Сен Юзерді жақтайсын ба деп"  мен ешкімді жақтамаймын. Бар айтарым сайтқа қарсы шықпа. сайттың мәнің кетірме. Өз қадіріңді өзің кетіріп жатырсың.
Сізге не рұқсат етілмеген:
 • Ұятсыз сұрақтар қоюға және жауаптар жазуға тыйым салынады !!! Сайттың 85-90% қолданушылары жасөспірімдер мен мектеп оқуылары;
 • Берілген нақты сұраққа, тақырыпқа сай емес жауап беруге немесе пікірлер қосып, мағынасыз жазулар жазуға;
• Өзіңіз "білетін" ЖҰМБАҚ СҰРАҚТАРЫҢЫЗДЫ қоюға болмайды.... Тек көкейіңізде жүрген, білгіңіз келген, білмейтін, анықтай алмаған Сұрақтардың қойылуына рұқсат етіледі. Балалық "іс әрекеттің" барлық көрінісіне тыйым салынбақ.
• Лексикалық нормаға сай емес сұрақтар, жауаптар беруге.
• Діни тақырыптағы сұрақтар өшірілініп тасталынады. Себебі ДІН тақырыбындағы сұрақтар "оңай" емес. Оған діннен хабары бар мамандар жауап бергені дұрыс. Діни сұрақтарыңызды Қаттани атындағы Мешіттің ұжымына қойсаңыздар болады.
• Сұрақ қоймастан бұрын Сұрағыңызды Іздеу мүмкіншілігін пайдаланып іздеп көріңіз, Осы сайтта Сізден алдын Сұрағыңыздың қойылып қоюы ықтимал.
• Сайттарды жарнамалауға рұқсат етілмеген. Тез арада ол сұрақ немесе жауап өшірілініп тасталынады.
• Кез-келген сайт қонағын немесе қолданушысын ұлттық немесе діни болмысын кемсітуге қатаң тиым салынады.
• Балалықтың барлық мүмкіндіктері (сөздерді бұзу).
• Сөздің адасуы (хабарламалардағы сөздің мағынасының жоқтығы).
• Тек өзінің сілтемесін қою және ұпайын ұлғайту мақсатындағы хабарламалар мен т.б.
• СОҢҒЫ ПУНКТ: ЕЛ-АУДАН-МЕКЕН-РУ-ҰЛТ арасындағы ДАУ не болмаса КЕЛІСПЕУШІЛІК туғызатын СҰРАҚТАР ӨШІРІЛЕДІ. Бәріміз - бір ҚАЗАҚ ұлтынанбыз. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫМЫЗ!......................... мынаны оқыдын ба. Сенің кезінде қойған сұрақтарын осы сөздерге қарсы болған. ғой.
Қырғи Көркем екеуің достасыңдар бірдеңе қылып.
Юзер сенде онсызда ушығып тұрғанға одан сайын ушықтырмасай. Шынымен сенде достас, Көркемде достассын. Кім кінәлі сол кешірім сұрап. Осы дауды әдемілеп жабайықшы. Шото соғыс басталатындай боп кетті))) . Бұл сайт ұрсатын емес Сұрақ жауап сияқты еді не боп кетті. ужжжжжыыы
Қырғи, сенікі дұрыс. Егер қолданушы жазаланса, оған жазаланып жатқандығы турлы ескертілуі керек. Және не себепті екендігі және ескертілгені дұрыс. Жалпы, сайт әкімшілігі және сайт қолданушылары арасында осындай саналы әрекеттер болса, меніңше ешқандай конфликт болмайды, болғанның өзінде аз болар. Міне, себеп қарапайым, бірақ сөзден сөз шығып кетіп жатыр.
Қырғи келе ғой достасайық.

Мен қолымды созып жатырмын,сен созасың ба???

Пікір ретінде жауап жаз.
Жарадың. Маладес. Жігіт деген сендей болсын)))))
6 сағат өтті

әлі хабар жоқ әкеңңссс
Кімнің кім екені түсінікті болд. Үндеме ақ қой. Өзі білсін. Жұрттың бәрі білді ғо
)))))))))))) "Ел ішінді бір тентек" ))))) Қып-Қырғи, осы қалпыңнан қалма))) Іш пысқанда сөз таластырып тұр, интеттің кызығы да сол ғо))) Әйтпесе, сабақ...сабақ....сабақққ.. деп миымыз суға айналды, анда-санда бір күліп тұрайықта)) Осыдан 5-6 ай бұрын менің бір сұрағымды жауып тастап едіңіздер, сол неге???))))))))))) ай сол мод-редтер де бір!!!!!!))
Димаш саған не болған?
ай ештеме) көңіл-күйім жақсы болып тұрғаны ғой))  Қазір маған "все фиолетово" болып кетті ғой)))
Ух мя ерегосо )
Алихан дүрыс айтасыз!!! түбінде осы Қырғи сайттың белсенді қолданушысы болатынына сенімдімін, БИЛІККЕ ДЕ БІР ОПОЗИЦИЯ  КЕРЕК  дегендей ғой, Негізі осы сайттың белсенді қолдауншысы кім десе Қырғи дер едім.
))))))))))))))) БИЛІККЕ ДЕ БІР ОПОЗИЦИЯ КЕРЕК
))))))))) ))))))) ))))))))) )))))))))) )))))))))))) )))))))))))) )))))))))))
айтпайтындарың жоқ шеееееееее)))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Сол оппозиционерлерді түрмеге жабу керек қой.(Алихан)) саған қатысты емес,сен "пәк"сің)
Очкикиіпалғанжыртылыпжатқан смайлик әкесс) ) )
Сол опозицияны түрмеге жапқанда тамақты кім береді оларға, опозиция емес халықтың сенген адамдары байлықтын бәрін шетелге тасып жатса,
Иә соның арқасында Швейцарияда есеп-шотым,Испанияда дәу виллам бар.Рахат
)))))))))))))))))))))))))))
0 дауыс
Бұл келе келе реттеледі деп ойлаймын! Сайт бір жасқа енді толса, енді бірер жылдан соң сайттың базасы толығып, қолданушылар көбейер! Олардың белсенділігі де артар!
0 дауыс
Менің ойымша, осы сайтты басқа да қазақша қызықты әлеуметтік сайттармен кіріктіру керек.Сонда мүмкін белсенділік көбейер...

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
0 жауап
127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,937 қолданушы