Микробтардан таза,және кермектігі азайсын десең қайнатып,сосын салқындатып ішкен дұрыс. Бірақ халық медицинасында ең пайдалы су,ол бірінші мұз болып катып, сосын қайта еріген су екен. Орысша "талая вода" дейді Мысалы таудан аққан тау өзендерінің сулары неге ерекше мөлдір,тамаша дәмді қасиетке ие?Себебі олар таудағы мұздықтарынан еріп ағып келіп жатқан сулар. Егер үйіңде кранмен орталық су құбырымен келіп тұрған су болса ,және оған тазатқыш фильтр орнатылған болса, қайнатпай ішіуге болады.Баклашкаға суды құйып алып,мұздатқышта мұз етіп қатырып,сосын шығарып қайта ерітіп ішуге болады және бөлмедегі гүлдеріңді осы сумен суғарып тұрсаң керемет өседі.Ал құдыққа келетін болсақ, күнде су ішіп, мал суғарып жүрген құдық болса онда қайнатпай ақ ішуге болады,онда да суды таза шелекпен тартып,құдықтың аузын шаң, лас жер үсіндегі сулар, заттар түспес үшін жауып қоятын болса.Табиғаттағы ең жақсы фильтр ол жер қыртысы, сондықтан құдықтың тереңдігі 10 метрден кем болмауы керек. Жер асты суларының ең тазасы ол терең скажина арқылы шығатын артезиан сулары және бұл судың бастауынан қайнатпай ақ ішуге болады.