http://mtrk.kz/kz/mtra-zhanalyktar/64-molodezh/3836-s-diplomom-v-selo.html - мине Б.Шаяхметов өз сөзінде: «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы жастар арасында үлкен қызығушылық туғызғаны белгілі. Соңғы жылдары ауыл жастарының жоғарғы және арнайы орта оқу орындарын бітіріп, қалада қалып қою кең етек алғаны жасырын емес. Ауыл мен аудан¬дардағы белсенді жастар санының азаюы жергілікті жерлердегі экономикалық белсенділікке кері әсер еткенін бірден байқауға болады. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы осы кері үрдіске тосқауыл қойылғаны жөнінде, ендігі кезде аудан жастарының жан-жақты дамуына, олардың рухани-адамгершілік мәдениеті мен жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға баса мән беру қажет...» деп баса айтты.