+2 дауыс
313k көрілді
Достық туралы өлең жолдарын тауып бере аласыздар ма?

14 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
https://surak.baribar.kz/97105/
*Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің…
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме-өзім мін артып…
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өлген мың артық*


----------


Жақсы бол, жігіт болсаң, ел көргендей,
Досыңа қосылғанда дем бергендей,-
Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке.
Тұйғынға қапастағы жем бергендей,


----------
Жүрегі жұмсақ білген құл,
Шын дос таппай тыншымас.
Пайда, мақтан бәрі тұл,
Доссыз ауыз тұщымас


----------
Көзіңнен   сенің   айқын   сыр  көремін,
Қайғыны,  қуанышты  бір  көремін.
Досым  -  ау,  Алла  қосқан  ақ  ниетпен,
Сенімен  бірге  жүріп, бірге  өлемін.


----------
Адал  дос  барлық   жерде  керек  екен,
Өмірде   достың  орны  бөлек  екен.
Жақсы  дос  жадыратса,  жан  дүниеңді,
Жаман  достан  жамандық  келеді екен.
Бұл  өлең жолдары  мұқағали  мақатаевтікі
+2 дауыс
Досым, досым айналайын күлкіннен!
Қымбаттысың аспандағы ай, күннен.
Сен қуансан, қуанамын мен бірге,
Жыласанда,мұнайсанда.
Жұбатармын өмірде.
Бұл өмірде жыламашы сен бір ақ.
Жүре бергің, өмір бойы жарқырап.
Өмір баки достар болып өтейік.
Әр қашанда сыйластықпен жүрейік
0 дауыс
Мен досымнан қорықпаймын ары кетсе сатар,

Мен дұшпанымнан қорықпаймын ары кетсе атар

Менің қорқатыным қуанышыма қуанбайтын,

Қиын сәттерде қасыңнан табылмайтын достардан қорқамын, - десе керек
0 дауыс

Достық туралы

Достар! Достар! Мен сендерге қостым үн,

Сендер барда жоқ қой менің еш мұңым.

Достық болып оралады өзіме,

Өздеріңе жасап жүрген достығым.

Болсадағы қазан басқа, от басқа,

Жарасады жүрісіміз топтасқан.

Бәріміздің мұңаяды жүзіміз,

Бірімздің көңіліміз «тоттанса».

Болсын аулақ тоттану мен мұңдану,

Одан да біз достық жырын тыңдалық.

Жүрегіміз ақ таңменен апталсын,

Қалсын шетте қап-қара боп түн налып.

«Есепті дос айырылмайды» дегенге,

Мақал ғой деп, бір айтыспай көнем бе?

Тек достықтан қуат алып тұрғандай,

Ып-ыстық қан жүйткіп жүрген денемде.

Достық деген өлшенбейді безбенмен,

Қасиетін ұга алмайды кез келген.

Достық деген Қыз Жібектей ару ғой,

Төлегенге семсер ұстап, сөз берген!

0 дауыс
Жан дос деген адал болып келеді,
Жүрегіңе дос болып тұрып енеді.
Кориспесек сагыныштан жүдейтін
Кім бар жакын бала кунгі досыңнан

Досым менің бәйшешектей гул шашқан
Досым менің актарылып сыр ашқан
Досым менің ажыраспай көп жылдар
Қос өзендей катарласып бірге аққан

Тусіне білген адамга достық қымбат
Бірге ойнап кулген жастық қымбат
Ал егер досы жоқ адам болса
Ол адамга өмірдің несі қымбат

Досым,саган сенемін,сеніп өтем,
Жолы бөтен демейін,жөні бөтен
Достық деген -адамның көрігі екен,
Достық деген- адалдың серігі екен

Өмір деген өсіп тұрған гүл емес пе,
Сол өмірдің нағыз гүлі біз емес пе
Әрбір жан ДОСТАРЫМЕН бірге болса,
Өмірдің ең қызығы сол емес пе!
0 дауыс
Не қымбат достар қымбат бірге өскен
Татулық тəттілікпен қадірлескен
Бір кезде көзін түссе осы бетке

Айтарсын достар едік бірге өскен
Сарыбай ралы
0 дауыс
Достығымыз достар арылмасын, Пейіміз кеңейсін тарылмасын, Жиі-жиі бас қосып сыр шерітсек Жүрегіміз қалайша жарылмасын. Куніміз күлкілі бола берсін, қуанышқа көңіліміз тола берсін, нұрлы аспан астында аясында, басымызға бақ келіп қона берсін, Зұлымдықты әрқашан жеренейік, адалдықты сүйуді үйренейік, бірлікпенен тірлікті ұштастырып, бір әдемі ғажайып, күйге енейік. берсе берді бермесе санаспайық, болмайтынға ұрысып таласпайық, арамызда алайақ бүреу болса оны қатар ортадан аластайық Жасамайық қианат кісі кетім Байлық мансап кісіні ісіретін Қанағатсыз ағайын ойласаңдар Абыройын кісінің түсіретін. Автор: Рахым Балабиев Досыма Жаныма жалғыздық көп тиіседі, Жансарай-сырға толы мүйіс еді. Тағдырдың тоғыз жолды торабы бар, Жолымыз енді қашан түйіседі. Бұл күнде өзіңді ойлап жабығамын, Өзіңді сәт көрмесем сағынамын. Өмір де осыменен қызық екен, Амалсыз жазғанына бағынамын. Жаныңның жылуына мен табындым, Кетсең де арасында сен сағымның. Өзіңмен мен біргемін, өйткені әркез, Жанымнан әрқашанда сен табылдың. Ақкөңіл ниетіңмен жүректесің, Бір мектеп екеумізді түлеткесін. Мәңгілік өмір жолы бірге болып, Ешқашан арамыздан қыл өтпесін. Достарым Тұрғанымда қысылып Медет берген достарым; Өз қайғысын ысырып Көмек берген достарым; Замандастың жеңісін Көре білген достарым; Қолындағы жемісін Бөле жеген достарым; Сынға түскен кездерде Сырын бермес достарым; Қамыққанын өзгеге Біліндірмес достарым; Тайғақ заман, тар жерде Қолын берген достарым; Жолдасына мәреде Жолын берген достарым. Жырға сені қосумен Өтсем деймін досым-ау; Сыйлас болып досыммен Өмірімде осынау. Авторы: Жанбай Өзденбаев Досым, досым айналайын күлкіннен! Қымбаттысың аспандағы ай, күннен. Сен қуансан, қуанамын мен бірге, Жыласанда,мұнайсанда. Жұбатармын өмірде. Бұл өмірде жыламашы сен бір ақ. Жүре бергің, өмір бойы жарқырап. Өмір баки достар болып өтейік. Әр қашанда сыйластықпен жүрейік. Дос болам десең, Досымды сыйла, қымбаттым! Досыңа сонда, Досыммен ғана қымбатпын Дос болам десең, Мендегі доспен достасқын, Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын Достарың көп пе? Апырау неткен жақсы едің? Досым аз менің… Досым-ау менің, тапшы емін? Достарыңменен достастыр мені, асылым Достастыр мені? Болайын құлың нақ сенің! Достыққа жүрмін, Достыққа жүрмін құмартып! Өлгелі жүрмін, Өзіме-өзім мін артып… Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан, Достардың барып, ауласында өлген мың артық.
0 дауыс
*Дос болам десең,

Досымды сыйла, қымбаттым!

Досыңа сонда,

Досыммен ғана қымбатпын

Дос болам десең,

Мендегі доспен достасқын,

Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын

Достарың көп пе?

Апырау неткен жақсы едің?

Досым аз менің…

Досым-ау менің, тапшы емін?

Достарыңменен достастыр мені, асылым

Достастыр мені?

Болайын құлың нақ сенің!

Достыққа жүрмін,

Достыққа жүрмін құмартып!

Өлгелі жүрмін,

Өзіме-өзім мін артып…

Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,

Достардың барып, ауласында өлген мың артық
0 дауыс
Газда жұмыртка

Досым мені ұмытпа
егер мені ұмытсаң 2

куйіп кетер жұмыртқа
0 дауыс
Досым менин досым менин,

Сыр болисер жалгызым.

Мунайганда жупатарым сен досым

Жыламашы ешкашанда жан досым
0 дауыс
Дотығымыз жарасқан,

Бірлігіміз жарасқан.
Барлық бала таласқан,

Доп үшін алдасқан.

Достық жері Қазақстан,

Көп өкілді жер болады.

Ұйғырменен Татарда,

Өзбек пенен Тәжікте .

Өмір сүреді елінде,
Ұлы қазақ жерінде.
0 дауыс
Менде іздеп жүрм
0 дауыс
Екі досым бар екітүрлі.
Бір досым бар мені сатпайтын,
Бір досым бар мені өтірік мақтайтын.
Бір досым бар басыма іс түскенде бірге болатын,

Бір досым бар басыма іс түскенде алды-артына қарамай қашатын.

Бір досым бар сенімімді ақтайтын,

Бір досым бар абыройымды құртатын.

Бір досым бар тек жақсылықты айтатын,

Бір досым бар пайдасы үшін мені жақтайтын.

Бір досым бар қуанышыммен бөлісетін,

Бір досым бар басыма мінгісі келетін.

Бір досым бар мені жұбататын,

Бір досым бар проблемасыммен қайғы шектіріп ауыртатын.

Бір досым бар денсаулығымды ойлайтын,

Бір досым бар ақшаға қайғырып жылайтын.

Бір досым бар тек жақсылықты айтатын,

Бір досым бар жақсылықтыжамандыққа айналдыратын.

Бір досым бар көмектесетін,

Бір досым бар мені көре алмай жүретін.

Бір досым бар таудай тіреу болатын,

Бір досым бар тіреу бола алмайтын.

Қысқасын айтқанда екі досым бар екітүрлі,

Мінездері бір-біріне ұқсамайтын бүртүрлі.

Екеуіне қарап тұрсан күлкілі,

Кім жақсы дос екені болды белгілі.

Авторы:*Арман Гильманов*
0 дауыс
Жақсы дос əр кездеде комек берер

Ешқашан тастамайды қиын кезде

Жаман дос жамандықты жасай берсін

Жаман доспен дос болма ешқашанда

Ұқсас сұрақтар

...