1.Құдай-ау мынау не дейді!
Қараңдар, мына ғажапқа,
Қалжыңмен сөзді бастады-ау
Онсыз да уақыт аз-ақ та.
Айтысу үшін Айнұрмен,
Әлемнен рұқсат алғам деп,
Батып отыр ғой ләззатқа,
Қатысы қанша әлемнің
Айналдырмақ па ең мазаққа.
Рұқсатым менің, байғұс-ау
Үйдегі жалғыз қазақта!
.
2.Біраз жыл бұрын Оразбен
Кеп едік қыз бен балаң боп
Одан бері де зуылдап,
Өтіпті талай заман көп,
Ораз қайда деп жәудеңдер,
Қарайсыңдар ғой, маған көп,
Қасымда жүрген досымнан.
Айрылып қалдым амал жоқ,
Алланың салған ісіне,
Қайтеміз халқым шарам жоқ