–2 дауыс
366 көрілді
Кеше базардан батинка сатып алып едiм. 5500 теңгенiң туфлиiн қатайып тұрып 5000ға бердi. Сразу киiп алып клубта қыдырып жүр едiм табаны ашылып кеттi. Сатушыға қайта барып сазайын берiп, ақшамды қайта алсам дұрыс па. Қалай ойлайсыңыздар?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Сатып алушының оған сапасы лайықсыз тауар
 сатылған жағдайдағы құқықтары

1. Сапасы лайықсыз тауар сатылған сатып алушы, егер сатушы оның кемшiлiктерiн айтпаған болса, осы Кодекстiң 428-бабының 1-тармағында көзделген әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы, бұл орайда сатып алушы сатушының талап етуi бойынша және оның есебiнен алынған сапасы лайықсыз тауарды қайтарып беруге тиiс.
2. Тауар үшiн төленген ақша сомасын сатып алушыға қайтарған кезде сатушының одан тауарды толық немесе iшiнара пайдаланудан, оның тауар түрiн жоғалтудан және т.б. болған тауар құнының төмендеген сомасын ұстап қалуға құқығы жоқ.

[мына жерде бір-екі ақпар][1]

[Қазақстан Республикасының азаматтық кодексi][2]


  [1]: http://www.egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/serviceslibrary/gu2010/citizenrygu/lifesituations%20citizenry/potrebitel&lang=kk
  [2]: http://law.delovoimir.kz/laws/view/213/1/page:2
+1 дауыс
Сіздің сұрағыңыз жардан секірсем қалай болады деп қойғанмен тең! сіздің сұрағыңыз мағынасыз! Сіздің етігіңіз өз мәселеңіз! Ондай мәселелеріңізді сайттан тыс жерлерде шешіңіз! Немесе сұрағыңызды дұрыстап қойыңыз!
сізден аяқкиімді кисембе екен, әлде кимесем бе екен деп сұрап отырған жоқ қой, бұл жерде сапасыз тауарды қалай қайтарып, ақшамды өндіріп аламын деген сұрақ... ешқандай тұрпайы емес....
Рахмет! Келесiде сұрақты дұрыстап қоярмын.
Сіз сазайын беріп, қатайып тұрып деген жолдарды оқыдыңызба? Бұл сөздер меніңше артық! Және бірінші рет оқығанда мазақ қылып қойған сұрақ секілді көрінді. Тағыда айта кететін жәйт орысша сөздерді қолданғаны! Тіліміздің тазалығын сақтамасақ, ертеңгі күніміз не болады!..... Сұрақты төтесінен қою керек еді! Мен осындай осындай сатып алдым! Сапасыз болып шықты! Тауарды қайтып апарсам дұрыс па? Менің құқығым қорғалама? - деген сияқты!
+1 дауыс
егер сапасыз болса, заң бойынша 1аптаның ішінде қайтарып ақшаңызды қайтып ала аласыз.Жаныңызда куәгер болды ма?
Рахмет! Иа, қасымда тағы екi жiгiт болды.
0 дауыс
Неге тіктіріп алмайсыз???
+1 дауыс
заң бойынша достарың куә қатарына кірмейді, куә ол қалыс адам озіңіз және сатушы танымайтын адам болу керек, сіз олай дәлелдей алмайсын, чик болу керек сонда ғана
...