Қыз және жігіт................................................

+2 дауыс
528 қаралым
Қыздардың сыртқы тұрпаты,  мінезі жігіттерге ұқсай бастауына, яғни бір ауызбен айтқанда қыздардың "еркекшора", жігіттердің "қызтеке" болуына не себеп?
• Санаты: Жалпы сұрақ

3 жауап

+4 дауыс
Жақсы жауап
Жасико не айтпағыңды түсінген тәріздімін,әрине қыздар жігіттерше,жігіттер қыздарша киінетіні бұл өмірде бар!Менің ойымша қыздар жігіттерше болып жүрседе өзінің қыз екенін ұмытпай,боқтық сөздер,дөрекілік көрсетпесе екен деймін,ал жігіттердің қызша жүруіне тіпті келіспеймін,жігіт жігіт күйінде қалуы керек,намысшыл болғаны жөн!Қыздар жағынан келіскенімен,жігіттерше киінсе де өз қалпын ұмытпай,қыз екенін ұмытпай,оларда намысқа берік,шыншыл,және тіке мінезді,айтқанынан қайтпайтын болуы керек,көпке топырақ шашпаңыз,кейбір қыздар жігіттерше жүретін болар,бірақ менің оған айтатыным намысшыл болып,дөрекілікті қойып,алға қойған мақсатына жететін ержүрек қыз болғаны жөн!
+1 дауыс
Батыстан келген жаман нәрселердің бірі ғой! Батыс! батыс! деп қайда кетіп барамыз!
+3 дауыс
Не ғой, ең алдымен [FAQ-Көмек][1]ті бір оқып шығып,  сұрағыңыз сайт ережесіне сай емес екенін ескерткім келеді. Сіз редактор бола тұра мынадайға жол берсеңіз, өзге қолданушылар да қонышынан басар еді.))) Мейлі, болары болып, бояуы сіңгеннен соң не шара, тым болмаса таза қазақ тілінде, қатесіз жазсаңыз да ләм демес ем)
*
Ал сұрағыңызға келер болсам, "ақшаң болса қалтаңда - талтаңдасаң талтаңда" деген мақал бар. Әркім өз білгенін істегісі келеді де, ешкім шектеу қоймайды. Мысалы, сіздің де өз қалауыңыз бар болар. Біреудің таңдауында не жұмысыңыз бар? Бастысы, сіз өзіңіз еркекшора болмасаңыз болды емес пе? Осы біздер неге адамдардың қалауын, кемшілігін, мінін айтуға құмармыз?
Онсыз да қыздар жігіттерге, жігіттер қызға "сенбей" жатқан мына заманда басқатыратынымыз осы болғаны ма? Неге біздер одан да анау баласын әр жерге тастап кетіп жатқандарды тыймаймыз? Неге біздер қызды алдаушыларды тыймаймыз? Неге біздер шетелге сатылып жатқан сәбилерді қорғамаймыз? Неге біздер....  Құдай-ау, мұның алдында "қызтеке" мен "еркекшоралар" ай ғой, ай!
*
Сіздің сұрағыңызға "сын" айтқаным үшір кешірім сұрай отырып, түсіністік танытқаныңызды тілеймін.


  [1]: https://surak.baribar.kz/faq
Рахмет, Көркем, жауабыңызға, көзімді ашып бергеніңізге алғысым шексіз, қатемді жөнделеп қойдым, енді мұндай қателіктерге бой алдырмаймын, барлық модератор, редакторлардың алдында кешірім сұраймын, ендігі қайталанбасына тырысып бағамын! Шын көңілмен!

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
9 жауап
0 дауыс
0 жауап
127,787 сұрақ
322,374 жауап
153,150 пікір
72,808 қолданушы