Әрине, әйел адамның өмірдегі орны - ошақ басы, бала қасы!
Қазақтың көшпелі дәуірінде қыздарды, әйелдерді жоғары бағалаған. «Олар-өмір-өмірдің сәні мен салтанаты, ер адамдардың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі» деп қараған. Әйел туралы сөз қозғау әрі оңай, әрі қиын. Әйел ибалы қыз, инабатты келін, қарындас, ана, апа, әже. Тоғыз ай, он күн толғатып, «тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп» әйел бүкіл адамзатқа өмір сыйлайды. Ата- бабаларымыз да әйелді құрмет тұтқан. Содан да болса керек, ұрпақ тәрбиесін әйел- анаға жүктеген. Ерте кездегі аналарымыздай ерін пір тұтып, ибалы қыз, иманды ұл тәрбиелеп отырған әйелдер күн өткен сайын азайып түскені ащы да болса шындық. Бұған кінәні тек әйелдерден ғана іздемей, еркектердің де жауапкершілік міндетін жоғалта бастағаны деп қарасақ қателеспейтін шығармыз? Cоңғы жылдары еліміз батыстық үлгідегі гендерлік саясатты пайдаланып, қыз-келіншектердің құ- қығын қорғап, олардың қоғамдағы рөлін көтеру ісімен мемлекеттік деңгейде айналыса бастады. Осының нәтижесінде елімізде гендерлік саясат сәтті орындалып, билік тізгінін ұстаған қыз-келіншектердің саны арта түскені жасырын емес. Ал біз өмір сүріп отырған заманда әйелдердің қоғамдағы орны қандай?
Бүгінгі әйел билік басында еркекпен иық тірестіріп жұмыс істеп жүр. Олар — ана, олар – жар, олар — қыз, олар — келін. Қызметтен де басқа қоғамдағы орындары бар. Ең бастысы — әйел қоғамның тең құқылы мүшесі. «Гендер» деген бір ауыз сөз айтылса, еркектеріміз үркіп қарайды. Әйел отбасы, ошақ басы, қазанның жанында отыратын уақыт көшпелі дәуірде қалды. Біз әлі күнде көшпелі тіршілік кешіп жүрміз бе, жапандағы жалғыз аралда тұрамыз ба? Қазақ киіз үйін тастап, топырақ пен «қымбат қызыл кірпіш» тастан салынған үйге көшкелі бері дәстүр сан мәрте өзгергені белгілі. Рас, қазақ әйелі ежелден ұрпақ тәр- биесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің жұмыстарына баулып отырған. Ол түсінікті де. Алайда, егер қолынан келсе, нәзік жандылардың билікке араласуына әбден болады. Қазір тарихи сахнада ғылым, білім, техника, ақпарат, сауаттылық заманы...-дейді ақпарат көздері!