![description][1]
ЖЫЛЫНА МИЛЛИОН АДАМ ӨЗІНІҢ ЖАНЫН ҚИЯДЫ ЕКЕН...(
«Суицид» латын тілінен алынған «қасақана өзін-өзі өлтіру» деген мағынаны білдіретін сөз. Өкінішке орай, бұл термин қазір көп қолданатын сөзімізге айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жақында таратқан мәліметтеріне сүйенсек, жылына миллионнан астам адам өзін-өзі өлтіреді екен.
Мамандардың айтуынша, Жастар арасында суицид оқиғаларының жиiлеуiне көбінесе, отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, әртүрлі компьютерлік ойындар, атыс-шабыс, қантөгіске толы фильмдердің тікелей әсері бар дейді.
[1]:
