Ұжымшар, ұжымдық шаруашылық — Кеңес өкіметі тұсында құрылған ұжымдық шаруашылық нысандарының бірі. А. ш-н соц. жолмен қайта құру шеңберінде құрылған бұл шаруашылықтың үш нысаны мәлім, олар: а. ш. коммуналары, жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктері (мойынсеріктер) және кеңестік а. ш. құрылымында осы нысандардан бірден-бір құрылымға айналған а. ш. артельдері. Еңбек шығынын есептеу және еңбекақы қорын бөлу үшін пайдаланылатын еңбек күннің, бөлінбейтін қор категориясының, жерді пайдаланудың ерекше жүйесінің (мемл. меншік болып табылатын жерді “мәңгі” пайдалану), өзіндік қосалқы шаруашылықтың болуы, машина-трактор ст-лары жүйесінің (МТС, кейін таратылды) қызмет көрсетуі ұжымдық шаруашылықтың ерекше нысаны ретіндегі Ұжымшарға тән сипат болды. Кеңестік саяси экономияда және агр. экон. ғылымда Ұжымшар өндірістік а. ш. кооперативтері ретінде қарастырылды. Әсіресе, жаппай күштеп ұжымдастыру (1929 — 33) барысында ол мұндай кооператив бола алмады, өйткені негізгі кооперативтік қағидаттар, ең алдымен бірігудің еріктілігі, кооператив мүшесінің өзінің үлеспұлдық жарнасына, сондай-ақ жер үлеспұлы, шаруашылық қызметті өзін-өзі басқару негізінде жүзеге асыру қағидаттары сақталмады.[толық мәлімет][1]
[1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D1%88%D0%B0%D1%80