+3 дауыс
2.1k көрілді
жәнеде кімдерге еліктейсіз?

16 жауап

+3 дауыс
Стилімнің атауы:   "Mezg.or.  Ing. & Sap. K`U "       - яғни, мезгілге орай (жүретін ортаңа байланысты..) сапалы (-рақ) және ыңғайлы киіну.  Арнайы брэндтерді таңдамаймын.Сән талғамаймын. Киім таңдаудағы ең басты критериім: Ыңғайлылығы. Жарасып тұрса, қимылыма кедергі келтірмесе, гардеробыма ...)        
- Кімдерге еліктеймін ? _ _ _ _Тек өзіме. Бірақ, Әрбір  ойлы, сауатты, өмірде жетістігі бар, көпті көрген және білімі жоғары тұлғалардың жақсы  деген қасиеттерін бойымда қалыптастыруға, олардан ақыл сұрауға тырысамын. Қуаныш.)
0 дауыс
кобіне классикалық үлгіде
+1 дауыс
Спорттық үлгідегі киімдер ұнайды, өзімді сол киімднрмен ыңғайлы сезінемін.
+1 дауыс
Қара көйлек, қара шалбар, қара туфли, қара көзілдірік!!! - қыздармен қыдырғанда)))
Қою көк түсті джинсы, жеңі ұзын футболка немесе қызыл көйлек!!! - жұмыстарыммен ары бері жүргенде
Кастюм шалбар!!! - Сахнаға шыққанда, тойда!!!
0 дауыс
Классический стиль ұнайды және солай киінем.Спорттық үлгідегі киімдерді сирек киемін.Ешкімге еліктемеймін!!!!!!!!!!!!!!!
0 дауыс
Әр кезде,мезгiлде әртүрлі. Негiзi стиль демеймін,бастысы - жарасымды болса болды..
+1 дауыс
Спорттық үлгідегі киімдер ұнайды, өте ыңғайлы: Көйлек кигенді ұнатпаймын, амалсыз киюге мәжбүр боламын, жалпы айтқанда ыңғайлы, таза, жарасымды,  қимылыма кедергі келтірмесе болды қандай үлгідегі болсын кие беремін, тек көйлек болмаса болғаны,,,
Тұрақты еліктеп жүрген адамым қазір доқ....
0 дауыс
"Ренесанс" және көңілім көтеріңкі болса "барокка"
+1 дауыс
Менің ойымша, қазір жасөспірімдердің көбісі Корей халқының стиліне еліктейтін сияқты.=)Маған ұнайды
0 дауыс
Универсал киінгенді жақсы көрем. Спортивный да емес классикалықта емес ыңғайлы
+1 дауыс
Корей халқына еліктеймін көктемгі киімдерім,сүйкімді кішкентай қыздар сияқты киінгенді ұнатамын,ал қыста классический киінем көбіне жаздада классический кием.күзде спортивный киінемін//осы жылы//
+1 дауыс
Арнайы үлгіде, стильде киінбеймін. Жарасымды деп тапқан киімдерді киемін.
Ешкімге еліктемеймін! Әр адам - жеке, дара тұлға!
0 дауыс
стильім спорттық , кореяға еліктеймін
0 дауыс
классикалық үлгі,
Астрологтар әрбір адамның жұлдызнама белгісі мінезіне ғана емес, киім стиліне де әсер етеді дейді. Мәселен көбінесе тоқтылар сәнқой, бикештер сырбаз көрінуді, арыстандар киімнен ақшасын аямайтындар деп айтылып келеді. Десек те жер бетіндегі миллиондаған адамдардың әрқайсының әр түрлі стилі бар. Бірақ жұлдызшылар жазылғанға құлақ түрген артық болмайды дейді. Олай болса оқып көріңіз.

тоқты

Тоқты белгісіндегілер сәнқойлығымен әрдайым көшбасшы. Олардың ұстанымы Коко Шанельдің: «Сән бұл — сәннен қалмайтын дүниелер» деген сөзі. Тоқтылар дүкен аралап сатып алу жасағанды жаны сүйеді және одан рахат сезімге бөленеді. Олар жақсы үйлесімін табатын киімдерді тез таңдайды. Тоқты белгісінде туылған әйелдердің көбісі форма кигенді қалайды. Сондай-ақ дене мүсінін айқын көрсететін трикотаж, леггинсы киіп, белбеу таққанды ұнатады. Ерлер қарапайым, сапалы киімдерді жөн санайды.

торпақ

Торпақтар киімдеріне көпшіліктің назарын аударта біледі. Олар өз дене бітімдерін өте жақсы біліп және кемшін тұстарын жасыруды меңгергендер. Өзіне ыңғайлы киімді таңдай отырып, батыл таңдау жасайды. Кейде сәннің соңынан қуады. Дегенмен өзін уақытында тоқтата алады. Торпақтар киімнің сапалылығына аса мән бере бермейді. Жинақы болса жетіп жатыр. Олар «Көзбояушылықсыз үйлесімділік ең жақсы таңдау» ұстанымынын таңдағандар.

егіздер

Егіздер белгісінде туылғандар көбінесе жас көрінуге тырысады. Сондықтан киім таңдауда әрдайым назар аудартатын жастардың үлгісіне мән береді. Олар сәнді бақылап отыратындықтан, арзан болса да сәнге айналған киімдерді алуға асығады. Сондықтан егіздердің киім шкафы сапалы, сапасыз, қажетті, қажетсіз киімдерге үнемі толып тұрады. Бұл белгіде туылған әйелдердің басымы замануи көйлектерге аса мән береді. Ерлерде сәнді киінгенді ұнатады.

шаян

Шаяндар сырт көзге ұшқалақ көрінуден қорқады. Олар сондықтан сырбаз көрсететін әрі ыңғайлы киімдерді алады. Дегенмен негізі еркін киінуді қалайтындардың қатарында. Оларға түрлі киім үлгілері ұнайды: спорттық джинсы, сәнді әрі әдемі спорттық аяқ киімнен, жұмсақ жүн матадан, жібектен тігілген киімдерге дейін. Әйелдер өздерін әлсіздеу сезінетіндіктен көбінісе алтын, күміс (бағалы) бұйымға сәйкес келетін киімдерді сатып алуға құмар. Бұл белгіде туылған ерлер тіпті джинспен де кие беретін стильді костюмдерді ұнатады. Жейденің түсіне де аса мән береді.

арыстан

Арыстандар көзтартарлық киімдерге аса құмар. Ішік, теріден тігілген бұйымдарды ұнатады. Әрдайым ерекше көрінуге тырысады. Кейде Арыстан белгінде туылғандар сатып алуға келгенде өзін тоқтата алмай қалады. Бірақ ешқашан жаңа киімдерден ақшасын аямайды. Классикалық үлгіні таңдайды. Арыстан белгісіндегі әйелдер жоғары сәндік өнерді бағалайды.Үлгісі ерекше костюмдерді ұнатады. Ал кең көйлек оның қалайтыны емес. Ерлер іскерлік стиліндегі киімдерге жаны құмар.

бикеш

Бикештер әдемілікті үйлестірудің шебері. Олар өз киім үлгісімен мақтанғанбайды, көзбояушылықты қаламайды. Ал көпшілік оның брендтік киіміне қызығады. Қарапайым, үлгісі жинақы, әрбір деталымен ерекшеленіп тұратын сапалы киімдерді таңдайды бикештер. Әйелдер қиыннан қиыстырған киімдерді қаламайды, нәзік көрінуге тырысады. Ерлер классикалық үлгіні таңдайды.

таразы

Таразы белгісінде туылғандар кіиім кию үлгісі ішкі дүниесімен әрдайым астасып жатады. Олар үлгі мен түстердің үйлесіміне аса мән береді. Таразы жұлдызнамасындағы әйелдер де, ерлер де сәнді киінгенді ұнатады. Бірақ сәнді қумайды. Жарасымдылықты қалайды. Киімнің түймесіне дейін қарап сатып алады. Таразылар артығы жоқ, денеге тура сай келетін үлгілерді таңдайды.

сарышаян

Сарышаяндар адамды тұрпайы етіп көрсететін, әрі ашық-шашық киімдерге жоламайды. Соған қарамастан сәнге аса құмар ерекше көрінуге тырысатындардың қатарында. Киім үлгісін таңдауда батылдыққа көп баратын сарышаяндар болып келеді. Бұл белгіде туылған әйелдердің көбісі сәнге айналатын киімдердің журналы шығып, дүкенге сатылымға шыққанша күтіп жүре бермей, тігіншіге иек артады. Сарышаян ерлер де киімге мән бермейтін болып көрінгенімен, жаңа маусымдық үлгіні алғашқылардың бірі болып киетіндердің қатарында.

мерген

Мергендер өзін өзгелерге киімі арқылы көрсете алатын жандар. Олар өз бейнесін өздері жасайды. Мергендер үйлеспейтінді үйлестіруге құмар. Мәселен: жібек пен масатыны, алтын мен күміс араластырылып тоқылған зерлі қалың матаны қиыстырады. Өзгелер тәуекелге бармайтын сынамаларды жасаудан қорықпайды. Мергендерге этникалық белгілері бар, аврикалық, үнділік үлгілер жарасады. Сондай-ақ оны өзгелерден ерекше етіп тұратын белгілі бір мағынасы бар сәндік бұйымдар ашады.

тауешкі

Тауешкі белгісінде туылған жандар әдемі киімдерді жақсы көреді. Өз ерекшелігін айқындап тұратын, үйлесімділікті дөп баса алатын қасиет оларда туа біткен. Тауешкілердің көбі классикалық үлгіні әрі өзін сәнді ететін киімдерді таңдайды. Оның киім шкафының басым бөлігі әр уақытта сәннен қалмайтын киімдерге толы болады. Кейбір киімдері ғана еркін стильде болады. Тауешкілер сәнді әрі ерекше әшекей бұйымдардан да бағалысын, сапалысын алуға ден қояды.

суқұйғыш

Суқұйғыштар көркем сәнге аса мән беретін жандар. Олар киім үлгісінде биік талғамы болғанына орай, өз-өздеріне бағыт береді. Бұл белгіде дүниеге келгендер өзінің мүсінін әдемі етіп тұратын киімді, тіпті әрбір детальына қарап таңдауда дүкен аралалаудан шаршамады. Бірақ көпшілік арасында әйел-суқұйығыштар бірден көзге түсе бермейді. Стилі жинақы, бір қарағанда түрі суықтау көрінетін олардан көп адам аяқ тартады. Суқұйғыш ерлер таңдауға аса мән бере бермейді.

балықтар

Балықтар арманшыл. Жұлдызнамадағы бұл белгідегі әйелдер аздап көрсеқызар. Талғамы аса жоғары немесе төменде емес, орташа. Көптің кигенін алады. Ерлер де аса көркем киіне бермейді. Белгілі бір стилі жоқ. Дегенмен өздеріне көпшіліктің назары ауғанын қалайды. Балықтар шынайылыққа аса мән береді. Ашық-шашық киінгенді ұнатпайды. Олар брендтік киімдерге көпшілік айтқанда ғана мән береді. Десе де балықтарға көп киімдер жарасады.
0 дауыс
Көбінесе корейский стильдегі киімдер. . . . . . . . . . . . .
...