+10 дауыс
925 көрілді
Осы сайтта махаббат машақатына түспеген жан қалмапты. Сұрақтары да жетерлік. Соған орай ендігі сұрақтарға шама шарқынша жауап іздеп көрсеңіздер:
1. Сүйетінімді қалай сендіремін дейтіндерге: Сүйетініңізді сүйіктіңізге  сендірдіңіз, енді сенбей жүрген кезге қарағанда не өзгеріс байқадыңыз?
2. Оны өзіме қалай қарата аламын дейтіндерге: Қаратып алдыңыз, сезіміңіз шынайы ма екен?
3. Бір көргеннен ғашық болғыштарға: Оның мінезі, жан-дүниесі қалай екен?
4. Агент арқылы, көрмесе де ғашық боп жүргендерге: Кездестіңіз. Көңіліңізден шықты ма? Жалпы, агент арқылы неше жанмен кездестіңіз? Ол жайлы ойыңыз, пікіріңіз?
5. Жігітке өзі сөз салған қыздарға: Махаббатты басқару оңай ма екен?
6. Қызғаншақтарға: Үмітіңіз ақталып жүр ме?
7. Сырттай ғашық болып жүргендерге: Әлі жүрсіз ба?
8. Жауапсыз махаббатың құрбандарына: Тірімісіз?
9. Ұмытқандарға: Тауықсыз да таң ататыны рас па екен?
10. Ұмыта алмай жүргендерге: Қадірі енді білініп жүр ме?
11. Басы бостарға: Неғып жүрсіз?

12 жауап

+4 дауыс
Саған келісемін Көркем) бәрі орынды,жинақы жазылған.
+2 дауыс
11 сұраққа жауап берейін. Жігіт таппай жүрмін. Махаббатсыз өмір сүріп жатырмын. Бәрі сол махаббатт қызық деп жатады ғой. Қайдам, басың бос болған рахат қой
+4 дауыс
*Жауапсыз махаббатың құрбандарына: Тірімісіз?*   ай қатырдың-ау)
Ия қызықсұрақ. Өлген болса тірімісіз дегенге жауап бере алмады ғой )))
Белгісіз
+2 дауыс
Қосылуға болады, біреуі кетсе, біреуі келеді. Жігіт бола тұра, езілудің жөні жоқ екен. Мен де койдым барин, енд пофигист болмасам, реалистиктен пайда жоккен `@` Күләндә.
Ілмек.) "сен және мен" деп өлең іздеп көріп едім. [табылды))][1]Ақтаудың балдары екен.
Қиналтып бір болмайтын махаббат кімге керек? өлеңнен.


  [1]:
Түсінгеніңе шүкір. Дегенімен, әлі де сабақ алуыңа тура келеді))))
жүрегіміз бар шүкір, түсінемін, бұйырса жаңа хикая болатын секілді.) бұрыңғы істеген іс-әрекеттеріме күлкім келеді, әһһ, Әбөктің шегіп кетпегініңе таң қаламын.
Мяяя, Ержан "Күләндасы" нес?? Calendula сөзінің Сатыбалдының  "Күләндасына" ұқсағанына кінәлмін бе?? Анау агентпен кеткен "жоккен" дегендерді дұрыстасаң қайтеді??  )))))))
ық-ық, Күләндәсі кім десем)))
1 спам
ритмге келгесің жаза салғанмын.)))
+3 дауыс
2 ші сұраққа жауап берейін. Сезімім шынайы! Махаббатым пәк! Сүттен ақ, судан таза деп айта аламын!:)
+2 дауыс
Көркем сөздеріңізге сындым...Қатырдыңыз...Басы бостарға: Неғып жүрсіз?  ризамын сізге....сосын  тағы Сырттай ғашық болып жүргендерге: Әлі жүрсіз ба? - Жоқ, ұмытуға жақындадым, алыстаған сайын, оған деген сезімім де алыстай бастаған секілді...бұл бос әурегершілік сырттай тынып жүру..
+2 дауыс
керемет сұрақтар! Орынды айтыпсыз, Көркем ханым!
Мен сіздің пікіріңізді емес, жауабыңызды сұрап едім
1 спам
2.  Сезім шынайы болмаса, қаратып алудың керегі не?
3.  Бұл жағдай басымнан өтпеген екен
4.  Мына жағдай да болмаған екен
6. Қызғаншақтарға: Үмітіңіз ақталып жүр ме? Махаббатты өсіретін де, өшіретін де сезім -ҚЫЗҒАНЫШ! Үміт ақталмайды, керісінше сенім жоғалады.
+3 дауыс
ахахаххаха Көркем айттың ау. )))))) + " плус қоя берем Қырмызы көмейт бәрі бір я))))"(giggle)
+3 дауыс
11. Зерттеп жүрмін, адамзат мәселесін қазбалап. Қалай десең? Былай  ![][1] Нужно наблюдать.


  [1]:
–4 дауыс
Сіздің мынауыңыздан дым түсінбедім. Не жазып кеткенсіз...
қалай қазақ болып жүрсің дым түсінбесен?
0 дауыс
Мені де дәл осындай жағдай толғандырады. Мен бір қызды жақсы көрем, ал ол мені жақсы көрмейді. басқа жігітті жақсы көреді. ол қыз екеуміз екі қалада тұрамыз. мен оны ұмытуға да тырыстым, но никак болмай жатыр. одан да сұлу қаншама қыз көрсем де, дәл оны жақсы көргендей жақсы көрген емеспін. мен өзім ынжықтау, мінезім ауырлау болғандықтан ба білмеймін. еркек басыммен махаббат жайлы көп біле бермеймін. (қызбен жүру, сүйісу... ондай жағдайлар басымнан өтпеген) ол қыз менімен сөйлескісі де келмейд. умыта да алмаймын, бірге бола да алмайм....не істеуім керек, совет бериндерші
[email protected] осы логинге авторизация тастап кенесиндерші. ЕСКЕРТУ! при авторизации осы сайт акрылы и осы сурак аркылы хабарласкандарынызды ескертиниздер
0 дауыс
11. Махаббатымды кездестірмей жүрмін, ешқандай жігіт ұнамайды. Бірақ бос жүрген өте қиын. ((((
...