Қазіргі жаңа заман технологиясының даму жетістігі бізді телеарна көріп, одан барлық өзгерістер мен жаңалықтарды естуімізге мүмкіндік беріп отыр. Аллаға шүкір елімізде осындай "Асыл арнадай" телеарнаның ашылғанына, бірақ XXi ғасыр торабында өмір сүріп жатқан мұсылман қазақ елі үшін осындай арналардың жоқтығы біз үшін аз-маз дер едім. Жаңадан ашылған телеарна болғандықтан оған көп сын айтудың қажеті қанша деп ойлаймын, бірақ келе келе көш түзеледі...дегендей, әлі де алдынғы арналар қатарынан табылып, жаңа жобаларымен қызықты арналардың бірі болады деген сенімдемін. Асыл арнаның бір айтуға тұрарлық жайы, ол ауылдық жерлерде және Қазақстанның басқа өңірлерінде тартпайтындығы. Елімізде асыл дінімізді дағуаттап, үйрететін жалғыз арна деуге болады. Бұл да халықты имандылық жолына, Хақ Алланың жолына шақырудың бір басты құралы деп айтсақ артық кетпейміз.