+2 дауыс
7.2k көрілді
Орыс тілін және түрік тілін 100% қалай тез-тез үйренуге болады

6 жауап

0 дауыс
сол тілде жазылған әдеби шығармаларды оқысаңыз тез үйренесіз, әрине...
+2 дауыс
Орыс пен түрікке күйеуге шығайын деппедіңіз?
жоқ жоқ жоқ
+2 дауыс
Сол тілде ән тыңдаңыз,күн сайын жаңа сөздер оқып есіңізде сақтаңыз. Ұйықтар алдында сол тілдерді тағы бір пысықтаңыз. Мүмкіндік болса сол тілде адамдармен сөйлессеңіз көмегі тиетін сияқты:)
Менде солай ойлаймын!
+2 дауыс
1)  орыстар мен түріктерді сөзге тартып, олармен дос болыңыз...
2) не көп?  кітап көп, өзіңіз сүйіп оқитын, орыс және түрікше жазылған шығармаларды беріліп оқыңыз, әрбір сөзін талдаңыз...
3) Әндері болса күнде тыңдауға кеңес беремін...
4) Сөздікті диктофонға жаздыртып алып, күнде ұйықтар алдында жаттаңыз...
5) көбіне теледидарда орысша, түрікше кино, шытырман оқиғаларды, бағдарламаларды көөөп көріңіз...
6) Орыс және түрікпен агентте дос болыңыз...
7) Орыс және түрік тілдерін үйрететін подкурстер бар, соларға барыңыз...
8) ....не деймін....жоғарыда жазылғандардың бәрін орындап шығыңыз...
9) ІсКе  СәТТ!!
Менің мектебім. жарайсың.)
Жауаптарыңызға рахмет!
0 дауыс
100% уқпасаң да ұғып тұрған құсап, сөйлей алмасаңда білетін азғантай сөзіңді кірістіріп былдырлай бер. ЕҢ НЕГІЗГІСІ  LISTENING & SPEAKING.
0 дауыс
Орыс тілін оқудың қажеті не? Неғұрлым орысша білетін қазақ көбейсе, соғұрлым қазақ тілі жылдам қырылады деп ойлаймын. Қазір тіпті екі қазақтілді қазақ бір-бірін бірінші көріп бір-біріне орысша сөйлей бастайды. Үш студент кеше ғана Алматыға ауылдан келіп банкоматқа кезекте тұрып бір-бірімен қазақша сөйлейді, ал кезек келген кезде, банкоматтағы мәзірінен орысшасын таңдайды! Дәл осылай ирланд, гавай тілдері қырылды, олар да тап біздей бір-бірімен өзге тілде сөйлеп өз тілдерін жоғалтты. Бізде де қазақ тілі оліп бара жатыр ғой, қазақ тілі қазір тек автобуспен базарда сөйлейтін тіл. Істердің 99% орысша жүргізіледі.  

Өзім бұрын мәңгүрт едім, бірақ шетелде оқыған кезде, ирланд тілін өлгенін көріп, валенсия тілінің өліміне куә болып, гавай, белорус тілдері қырылып бара жатқанын естіп, елімізде жалғыз ғана тіл - қазақ тілі болу керек деген оймен Қазақстанға оралдым. Енді жаман болса да қазақ тілін меңгендім, барлық жерде тек қазақ тілін пайдалануға тырысамын.... Екітілдік деген қолжетімсіз дүние, ол тек қағазда ғана мүмкін, ал шындықта бір тіл үстем, екіншісі қор боп бірте-бірте қырыла береді....
...