кедергі дегеніміз не? сол туралы толық ақпарат болса

0 дауыс
19.0k қаралым
Жалпы сұрақ

1 жауап

0 дауыс
Кедергі
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кедергі – 1) электрлік кедергі – электр тізбегінің немесе өткізгіштің электр тогына қарсы бағытталған әсерін сипаттайтын шама. Тұрақты кернеу (ток) жағдайында тізбек бөлігіндегі электрлік кедергі–R – скаляр шама, ток көздерінің электр қозғаушы күші бұл бөлікте болмаған кезде оның ұштарындағы U кернеудің І ток күшіне қатынасына тең болады (қ. Ом заңы). Мұндай электрлік кедергіні омдық немесе активті кедергі деп атайды. Ол өткізгіш материалына тәуелді. Қимасы тұрақты (S) және ұзындығы l, құрамы біртекті өткізгіш үшін R=l/S, мұндағы R– меншікті электрлік кедергі, ол өткізгіш материалын сипаттайды. Көп жағдайда (негізінен, электрлік кедергінің физикалық табиғатын қарастырғанда) орнына меншікті электрлік өткізгіш алынды. Электрлік кедергі омметрмен немесе өлшегіш көпірлермен өлшенеді. Электрлік кедергінің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі – Ом; 2) акустикалық кедергі – акустикалық жүйенің тербелісі қарастырылғанда қолданылатын сипаттама. Ол дыбыс қысымының көлемдік тербелмелі жылдамдыққа қатынасына тең.[1]

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы