.қаз домені туралы қандай ойыңыз бар?

+2 дауыс
2.9k қаралым
Сіз домен деген не екенін білесізбе? Қазақстанда 1 сәуірден бастап интернетте жаңа .қаз домені жұмыс істейтінін білесізбе? Бұл домен қазақ тілінің интернеттегі сапасын арттыруға көмектеседі деп ойлайсызба? Әлде жалғыз .kz домені болғанын қалайсызба?
Интернет, Сайт

5 жауап

+4 дауыс
Жақсы жауап
Білемін. Басында құлағыма бір түрлі естілгенін жасырмаймын. Дегенмен, жақсы сияқты. Естуімше .kz пен .қаз домені қатар жүреді. Қазақша домен артық етпес.  Бұл домен қазақ тілінің интернеттегі сапасын арттыруға көмектеседі деген ниеттемін:)
–2 дауыс
Өте сорақы және намысқа тиетін домен.

Анализ //////////////////////////  1/10 баға беремін
1 спам
Сенім,не үшін олай дегеніңді түсіндіріп жазшы. Көп адамдардың білгісі келетіні айдан анық, түсінбей жүргендер көп.
+2 дауыс
Осындай доменде шығайын деп жатыр ма,  бірінші рет естіп тұрмын, бұл мұмкін бе барлық жерде домен атауы тек латын әріптерімен жазылады емес пе бұған дейін еш мемлекетте ондай болыпты дегенді естімеппін!!!меніңіше дұрыс емес сияқты, мұмкін сіз .kaz деп шығады дегенге шатастырып  алған жоқсыз ба?
Белгісіз
иә! Бұл рас бұдан кейін домен атауы қазақ тілінде жазылады! Қазақстан осымен кириллица түріндегі домен алған 3 ші мемлекет. Біріншісі Ресей, екіншісі Сербия, ал үшіншісі Қазақстан болды.   Толығырақ мына сайтан оқи аласыздар! http://news.nur.kz/209162.html
0 дауыс
мола.қаз
үйрек.қаз
керемет сайттар болатын шығар иә
1 спам
Еей, бұл сөз плагиат)
+4 дауыс
Мүмкiн дұрыс шығар, министрлiкте талқыланып болған соң шешiм қабылданған шығар.  Қазақстандық сайттар шетелдiктерге немесе шетелдегi қазақтар үшiн қолжетiмсiз болып қалмаса игi.
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы