Құрметті музыка сүйер қауым! Бугин мен сіздермен, өз ойымды (жалпы арманым десемде болады) бөліскім келіп отыр, егер өз ойларыңыз, ақылдарыңыз болса, қоса отырыңыздар. Мен өнер десе "ішкен асын жерге қоятын" қазақтың қарапайым баларының бірімін. Сол өнердің ішінде, эстрада өнері жүрегіме жақын. Өзімнің ән айту, қабілетім бар. Менің мектеп кезімдегі арманым, мектептен кейн музыкалык колледжге түсіп, шеберлігімді шындап, республикаға танымал әнші болмасамда, облыстағы өз әнімен халықты баурай алатын, талантты әншілердін қатарына қосылу еді. Сөйтіп арман қуып жүргенде мектепті де бітірдім. Бірақ, мен мектеп бітірген жылы, облысымыздағы жалғыз музыкалык колледждің вокалды факультеті 1 жылға жабылып калды. Сөйтіп ата-анамның, бауырларымның және өзімнін шешімімен " информатика мұғалімі" факултетіне оқуға тапсырдым. Өзім компьютерде жұмыс істеуге де қызығушылығым болды. Қазір 3 курста окып жүрмін. Енді қазіргі арманым музыкалык аспаптармен, компьютерді байланыстырып, қазақша өлеңдерге музыка жазу. Қазір сабаққа қосымша синтезаторда ойнауды үйреніп жүрмін. Жакындарымның, достарымның айтуы бойынша, талпынысым жақсы, талантымда жоғары. Кейде ойлайм "Менің музыкалык білімім жоқ, не нотаны да білмейм меннен қандай сазгер шығады?" деп. Ал сіздердің ойларыңыз қандай, маған қандай ақыл қосар едіңіздер.....? Арнайы музыкалық білімі жоқ адам, сазгер бола алама?