0 дауыс
12.5k көрілді
Әннің атын білмеймін.Бірақ,сөздері мынадай:
 "Әжетайым қандырып құмарымды.
 Еркелетіп жан ана құндағынды"
ар жағын білмеймін...Өтініш. тауып берініздерші...
Сұрақтың жабылу себебі: Жақсы жауап алынды

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Тоқтар! Өтінішіңді кеш көрдім. Менің жауабымды бәлкім оқырсың, оқымассың. Бірақ, өтінішіңді қанағаттандырайын. Мүмкін біреулер жеткізер. Әннің аты "Әжетайым" емес, "Ризамын". Авторы композитор Бекжігіт Сердәлі. Сөзін жазған ақын Базарбай Оспанов. Ән мәтінін толық ұсынамын:

Әжетайым, қандырып құмарыңды,

Еркелеттiң, жан ата, ұланыңды.

Өздерiңе арнадым бұл әнiмдi, шiркiн,

Қамқорым, шаттығым, бақ гүлiм – даналарым.

 

Қайырмасы:

Ризамын аялы пейiлiңе,

Ризамын тым ыстық мейiрiмге,

Ризамын ұлағат, зейiнiңе,

Қамқорым, шаттығым, бақ гүлiм – аталарым,

Қамқорым, шаттығым, бақ гүлiм – әжелерiм.

 

Ыстық маған, әкешiм, алақаның,

Апатайым, ер жеттi балапаның.

Биiк болды ұлыңмен ақ отауың, шiркiн,

Нұрлы өмiр сыйлаған сыйлы адам – даналарым.

 

Қайырмасы:

Ризамын әкешiм – сүйенiшiм,

Ризамын анашым – киелiмсiң,

Ризамын, перзентiң сүйедi шын,

Нұрлы өмiр сыйлаған сыйлы адам – әкелерiм,

Нұрлы өмiр сыйлаған сыйлы адам – аналарым.

 

Аңқылдаған ағатай, жеңгелерiм,

Әпке, iнiм – бауырым сендер едiң.

Сағынышпен сарғайып мен келемiн, шiркiн,

Тiлектес, бауырлас, ауылдас ағайындар.

 

Қайырмасы:

Ризамын тел өскен бауырыма,

Ризамын ағайын, ауылыма.

Ризамын ақ пейiл қауымыма,

Тiлектес, бауырлас, ауылдас ағайындар,

Тiлектес, бауырлас, ауылдас ағайындар.
0 дауыс
Мен Құлсары қаласынанмын. Бірақ мына әуенді алғаш рет көруім.
0 дауыс
Маған осы номерге шығыңыз берем 87760503314
...