0 дауыс
3.3k көрілді

1 жауап

0 дауыс
3.1. Жаяу жүргiншiлер тротуармен немесе жаяу жүргiншiлерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жол­ды жағалай, сондай-ақ Ереженiң 17.1 және 17.4. тармақтарының талаптарына сәйкес қозғалуы тиiс.

Көлемi үлкен заттарды көтерiп немесе алып келе жатқан жаяу жүргiншiлер, сондай-ақ двигателi жоқ мүгедектер арба­сымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргiншiлер үшiн ке­дергi келтiретiн болса, жолдың жүргiн бөлiгiнiң жиегiмен (көлiк жүретiн бөлiктiң iшкi шетiн бойлай - бөлу жол жолақтары бар жолдарда) қозғалуына болады.

Тротуарлар, жаяу жүргiншiлерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкiн болмаған жағдайда, жаяу жүргiншiлер велосипед жолымен немесе көлiк жүретiн бөлiктiң шетiмен (көлiк жүре­тiн бөлiктiң iшкi шетiн бойлай - бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бiр қатарда қозғалуларына болады.

Елдi мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргiншiлер көлiк жүретiн бөлiгiмен қозғалған кезде көлiк құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруi тиiс.

Көлiк жүретiн бөлiктiң шетiмен двигателi жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргi­зушi адамдар көлiк құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруi тиiс.

3.2. Көлiк жүретiн бөлiкпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргiншiлер колоннасына көлiк құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етiледi. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүрушi, тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiну жағдайында - ал­дында ақ түстi, артта қызыл түстi жағулы фонарьмен жүруi тиiс.

Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасы­мен, бiрақ тәулiктiң жарық уақытында және ересектердiң бастауымен алып жүруге рұқсат етiледi.

3.3. Жаяу жүргiншiлер көлiк жүретiн бөлiктi жаяу жүргiншiлерге арналған, оның iшiнде жерасты және жерүстi өтпелерi­нен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесiп өтуi тиiс.

Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлiк жүретiн бөлiктiң шетiне, екi жақтан да жақсы көрiнетiн жерден тiк бұрыш жасап жолды кесiп өтуге болады. Көлiк жүретiн бөлiктi елдi мекенде бөлу жол жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргiншiлерге немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде кесiп өтуге тыйым салынады.

3.4. Қозғалыс реттелiп тұратын жерлерде, жаяу жүргiншi, реттеушiнiң сигналын, ал ол болмағанда - көлiк бағдаршамын басшылыққа алады.

3.5. Реттелмейтiн жаяу жүргiншiлер өтпелерiнен, жаяу жүргiншiлер көлiк жүретiн бөлiкке жақындап қалған көлiк құра­лымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесiп өту олар үшiн қауiпсiз екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн шығуына болады. Көлiк жүретiн бөлiктi жаяу жүргiншiге арналған өтпеден тыс жерлерден кесiп өту кезiнде жаяу жүргiншiлер, бұдан басқа көлiк құралдары үшiн кедергi келтiрмеуi және жақындап қалған көлiк құралының жоқтығына көз жеткiзбейiнше тоқтап тұрған көлiк құралының немесе көрiнудi шектейтiн өзге кедергiнiң тасасынан шықпауы тиiс.

Ескертпе. Реттелетiн және реттелмейтiн жаяу жүргiншi өтпесi түсiнiгi Ереженiң 13.4-тармағында белгiленген реттелетiн және реттелмейтiн қиылыс түсiнiгiмен бiрдей.

ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 3.6.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3.6. Көлiк жүретiн бөлiкке шыққаннан кейiн жаяу жүргiншi, егер бұл, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланыс­ты болмаса, кiдiрмеуi немесе аялдамауы тиiс. Жолды кесiп өтуге үлгермеген жаяу жүргiншi қарама-қарсы бағыттағы көлiк легiн бөлетiн сызықта аялдауы керек. Әрi қарай қозғалыстың қауiпсiз екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн бағдар­шамның (реттеушiнiң) сигналын ескерiп, жолдан өтудi жалғастыруға болады.

3.7. Жарқылдайтын көк маягi бар және арнайы дыбыс сигналы iске қосулы көлiк құралы жақындаған кезде жаяу жүргiн­шiлер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол үстiндегiлер осы көлiк құралдарына жол беруi және мүмкiндiгiне қарай көлiк жүретiн бөлiктi босатуы тиiс.

3.8. Маршруттық көлiк құралы мен таксидi көлiк жүретiн бөлiкке қарағанда биiгiрек тұрған отырғызу алаңдарында, ал жоқ болған жағдайда - тротуарда немесе жол жағасында тұрып күтуге рұқсат етiледi. Биiгiрек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пункттерiнде көлiк құралына отыру үшiн көлiк жүретiн бөлiкке шығуға ол тоқтағаннан кейiн ғана рұқсат етiледi. Түскеннен кейiн көлiк жүретiн бөлiктi кiдiрместен босату керек.

Аялдама пунктiне немесе одан көлiк жүретiн бөлiк арқылы қозғалыс кезiнде жаяу жүргiншiлер Ереженiң 3.4.-3.7. пунк­ттерiнiң талаптарын басшылыққа алуы тиiс.Осыма??№ Жауаптар табалмадым
...