Адам бетiндегi қара дақты қалай кетiруге болады? Ол үшiн төрт ас қасық суға екi ас қасық сұлыны қосып қайнатасыз. Сұлының құрамында белоктар және қант өте мол. Тұнбасын суытып, бес-он минут қойып қоямыз. Содан кейiн оны бетке, мойынға жағамыз да кепкенше күтемiз. Сосын суық сумен шаямыз. Мұндай маска пилинг сiздiң терiңiздi әрлендiредi. Бұл адамның бет терiсiне жақсы әсер етедi.
Адамның бетіне қара дақтар, т.б. жағымсыз нәрселердің шығуы негізінен көп жағдайда дұрыс тамақтанбағандықтан көп шығады. Өзіңізді майлы, ішімдік сусын, диззи т.б. сусын мен тағамдардан бас тартыңыз. Көкөністерді көбірек жеңіз, көкөніс болғанда да базардағы Қытайдан әкелініп жатқан көкөністер емес, бақшада өскен өзіміздің жеміс-жидектерді қолданғаныңыз жөн. Жақсы кеңесті алу үшін Дерматолог-дәрігерден кеңес алғаныңыз жөн.
1. Үй жағдайында былай етсеңіз болады.
2. Лимон сығындысымен бетіңізіді тазалап сүртіңіз.
3. Аптасына 2-3 мәрте қара даққа қарсы арналған маска қолданыңыз. Дәріханада арнайы маска жасалынатын керемдер сатылады.
4. Баняға кіріп тұрыңыз, іштегі артық қалдықтарды тазалау керек.
5. Тағы да көптеген шарттары бар, бірақ ең дұрысы Дәрігерден кеңес алған жөн.