+7 дауыс
10.7k көрілді
Мен жалпы Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне қарсы келгім келмейді. Бірақ "Үш бақытым" өлеңінің бір шумағы есіме түскен сайын ойланып кетемін. Бұл сұрақты өшірмеуін сұраймын, бұл дінге де қатысы бар.
 "Бақытым бар үшінші Отан деген,
Құдай деген кім десе Отан дер ем",   ----  осы сөздің толық мағынасын кім маған айтып береді?

Бұл Аллахқа серік қосуға жата ма?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ..

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

+3 дауыс
мені де сол жері ойландырып болды,мен де серік қосу деп ойлаймын,бірақ кім біледі басқа мағнасы бар болар,маған да жауабы керек
+4 дауыс
Мұқағали бұл өлеңде Отанның Ұлығ(ұлы) екенін Отанды құдайдай сылайтынын аиткысы келді
+5 дауыс
Аллаһ ол ислам дінінде қалыптасқан ең жоғарғы әлі бірден бір жалғыз ұғым, ал одан басқа жаратушы бар деп сенсе және соған жалбарынса міне бұл серік қосуға жатады. Ал "құдай сөзіне" келсек, қазақ әдебиетінде бұл туралы көптеген тіркестер бар мәселен "Құдайдай көріу, осы ауылдың құдайы"....және тағы тағы сол сияқты мысалдарды көптеп алуға болады, әрине, сонымен қатар құдай сөзі әр түрлі мәтіндерде мағынасына қарай әр түрлі түсінуге болады. Сол себепті бұл өлеңде ешқандай діни қарама қайшылық жоқ, тек адамның отаннан асып жетісіп кетпейтіні туралы айтылған деп ойлаймын.
РАхмет Ислам ұшқыр ойың мен жауабыңа!!!
+2 дауыс
Аллаға серiк қосу деп ойламаймын. Анасы баласына аңсары ауғанда "құдай жаным менiң", "құдайым сол", "менiң құдайым ғой" деген сөздер айтып айналып-толғанады. Жiгiт пен қыздың арасында да осы сөз тiркестерi айтылып қалатын кездер бар. Бұл жерде ақынның былай айтуы сондай отанға деген сүйiспеншiлiк сезiмнен туындаған сөздер шығар деп түсiнемiн.
+2 дауыс
Бұндайларға басыңды қатырмай-ақ қой. Ақиқатты интернеттен мүлдем таппассың, кітаптан табудың өзі екіталай. Себебі сөздері бұрмаланған Құрандар өте көп. Адасу 1-2 минут. Сақтансаң сақтайды. Құдайдың құдыретін жақын арадан сезін, сезім дегеннен бастау ал. Махаббатты ажыратып біл.
0 дауыс
Үлкен рахмет. Мен өленнің толық нұсқасын емес мағынасын сұраған едім:)
0 дауыс
Жоқ, ол жерде ақын Отанды бәрінен биік қоятынын айтып тұр. Отанға бәрі кіреді, жерің, жанұяң, ағайындар, достарың, тілің, мәдениетін, салтың және дінің. Ақынның Отанды құдайға теңеуі ол метафора, серік қосу емес. Ақын Отаны жоқ адам ол бахытсыз деген мағынада айтып тұр. Отаны жоқ бірнеше халық бар, мысалы күрттер. Жастар, бәрін дінмен өлшеуге болмайды! Бәрін дінмен өлшеген күні, сол мемлекет Ауғанстанға айналады.

Ұқсас сұрақтар

...