Ойландыратын, ақылмен ойнауды талап ететiн ойын Шахмат ойыны деп ойлаймын. Ойынды ойнау барысында оның соңына дейiнгi мүмкiндiктерiңе стратегиялық жоспар құрып ойнамасаң ұтып шығу қиын. Қандай да бiр қателiк жiберiп алсаң, қиындықтары да көбейе бередi. Өте ойландыратын, құпиясы көп ойын. Ел басқарушылар мен саясаткерлердiң, әскери командирлердiң шахмат ойынын бiлмейтiндiгi басқарушылық әдiс айласының нашарлығын бiлдiредi деген ұғым да тектен тек қалыптаспаған болуы керек.