Даусым Бауыржан-Шоуға... ...Мен көре бастаған сатиралық театрдың алғашқысы ---- бастамасы... сол үшін рахмет. Кейіннен Тамаша-дан көз үзбейтін едім, ол да біраз тарихсымақтанды да "қартайды" ---- рахмет. Содан кейін Шымкент-Шоу-дағы келін рөліндегі жігітке, Шаншар-дағы Нұржанның кейіпкерлігіне, Нысана жігіттерінің әзіліне қайран қалатын едім, көрінбей кетті олар ---- езуге күлкі сыйлағандары үшін Рахметім. Алдараспанның бір-екі концертіне күә болдым. Ұнады. сол күйі үнсіз ...---- Рахмет. Базар Жоқ атауымен таныс концерттік қойылымдар көңілден шыға қойды ма, қоймады ма, өзім де түсінбей қалдым...Білерім, Монологтары өмірден алынған ---- Рахмет. Сүйіп қарайтыным жоқ енді.... Сонда да "шамаға қарай" сөз тіркесін назарға алсам, Отандық әзіл-сықақ театрларының барлығы қанағаттандырады деп толық сеніммен айта аламын.)