Негiзгi сұрақта қойылған нәрселер бiздердiң iлiмiмiзден,ғылымымыздан табылуы мүмкiн ғой. Ғылымды меңгеру бiздiң дiнiмiзде қарастырылған болса, ол турасында дауласуды сәл ғана сөзге келiспеушiлiк деп есептейiк. Ғылымды меңгеру Аллах Тағаламызға қарсы дүние емес болса Ерболдың айтқандарын бiздiң дәуiрiмiздегi немесе бiзден кейiнгi ғылым иелерi ақиқатқа айналдыруы мүмкiн ғой. Ол заманның адамдары (немесе бiздiң заманның) сол ғылымға (3,4 метр жердегi тасты алу, мәңгiлiк мотор) қатты таңырқауы да мүмкiн. Бiрақ, одан кейiн одан да мықты ғылымдардың қанаты жайылатын кезең болуы мүмкiн. Ойлап қарашы, тас дәуiрiндегi адамдар үшiн сол кезеңдегi жасалған дүниелер өз кезеңi үшiн ғылыми жаңалықтар болып есептелген. Ол кездегi ғылымды қазiргi кездегi ғылыммен салыстыра алмаймыз.Ал қазiрге дейiн пайда болған ғылымдарды болашақта пайда болатын ғылымдармен салыстыра алмайтын кезең болуы да мүмкiн деп неге ойламасқа.
P.S:Мен ойлаймын Ерболдың айтқан сөздерiнiң бiр ұшы ғылымда жатыр, оның айтқандары болашақта,орындалуы,жүзеге асуы мүмкiн. Ерболдың айтқанында философиялық,ғылыми мән бар. Бiр бала сен бұрынғы ашылған ғылымдарға сүйенiп ақыл қозғайсың, мүмкiн әлi ашылмаған ғылымдардың көп екенiн ескергенiмiз де дұрысырақ шығар. Әлде сенiң физикаң ғылымдардың бәрiн меңгерiп болған соң жазылған оқулық па?