Қыс – жылдың ең суық мезгілі. Еліміздің көп аймақтарында қыс бойына қар жатады. Қыстың көзі қырауда адамдар суықтап қалмаудың қамын жасап, қалың киім, жылы аяқ киім, қолғап, бөкебай сияқты заттарға көп көңіл бөледі. Ол дұрыс-ақ. Алайда көздің күтімін де естен шығармау керек.
Қыс суық болса да күннің көзі анық көрінеді. Күннен жерге жеткен сәулелер аппақ қарға шағылысып, көзді ауыртады. Ондай жағдайда жаз мезгіліндегідей көзді күн сәулесінен сақтаудың жолын қарастыру көзіңіздің саулығының кепілі болады.
![description][1]
Қыста күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын көзілдірік қажет. Бірақ қандайын таңдау керектігін білмесеңіз, тағы болмайды. Өйткені күн сәулесі жаздағыдай емес, қыста көзге басқаша әсер етеді. Әсіресе, қыс мезгілінде өте қауіпті болады. Себебі айналаның бәрі ақ мамыққа оранғанда күннің сәулелері жан-жақтан шағылысып түседі. Осы жайтты ескеріп, көзді барынша жабатын көзілдіріктерді таңдау керек. Әйтпесе, ультракүлгін сәулелер көзіңіздің мөлдір қабығын зақымдауы мүмкін.
Көзілдірікке қойылатын негізгі талап – көзді күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғау.
[1]: