+1 дауыс
536 көрілді

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұрын Уикипедияға тіркелмей IP-мен мақалалардың қатесін түзеп, кейде мақала жазып, бар мақалаларды дамытып жүргенмін, жақында ерінбей тіркелдім:) Жеке бетім де бар: [Қатысушы:Erkosh7][1]

Жалпы Қазақша Уикипедияға мақала жазу орысшаға қарағанда қиындау, себебі мақала жазуда ең бастысы авторитетті дереккөзге (источник) негізделуі қажет. Ал қазақшаға келсек сол авторитетті дереккөз тұрмақ, қарапайым қазақша дереккөздердің жоқтын қасы. Сондықтан көбісі ізденгеннен гөрі, басқа викиден аударғанды жөн көреді.

ҚазВикидің ең басты кемшілігі, бұл белсенділіктің аздығы (мүмкін қазақ бауырларымыз өздеріңіз сияқты  жауапкершіліктен қорқып жүргендер шығар :) ). Белсенділік көп болса қауымдастық болады, ал қауымдастық болса сан да, сапа да қатар жүреді. 10-20 белсенді қатысушысы бар викиден не күтеміз. Орысшаға келсек 1500 белсенді қатысушысы бар.  

Ең сапала Вики бұл ағылшынша және неміс тілді википедиялар екен. Қатысушыларының 80-85 пайызы профессорлар, ғылым докторлары.

Қазақша Викиден дөрекі сөздер не қате көрсеңіздер бірден талқылау бетіне жазыңыздар немесе өздеріңіз түзеңіздер. Себебі бізде басқа ірі википедияларда сияқты 1 мақаланың бірнеше бақылаушысы жоқ.

Егер викиге мақала жазғыңыз келсе мақала мазмұнына қатысты басты принциптермен таныс болыңыздар - [Ережелер][2]. Викидің мақаласын газет журналдардың мақаласымен шатастырмау керек, себебі Википедияның мақаласы бейтарап және оның нақты авторы жоқ.

Қазақша Википедияны бірге дамытайық, еш қорқудың қажеті жоқ.

PS. Сұрақ авторына: фуууу.... деген нұсқа орынсыз көрінбей ма?

  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%81%D1%83%D1%88%D1%8B:Erkosh7
  [2]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B8%D0%BA%D0%B8%D0%BF%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D1%8F:%D0%95%D1%80%D0%B5%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%80_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D0%BD%D2%B1%D1%81%D2%9B%D0%B0%D1%83%D0%BB%D0%B0%D1%80
Қош келдің жетіңкіремей тұрған сауатты да ойлы, білімді Қолданушы. Осыдан тіркелу уақытың бірнеше айға жетсін ....Модер ғып қарсы аламыз. Ұнадың .... ұнадың...
Иа, фууууу деп жазып жібергенім артық болған.Сауалнаманы қайта жасайын  онда.
+1 дауыс
Бірнеше рет байқағым келді, жүрегім дауаламайды, жауапкершілігінен қорқамын.
не жауапкершілік ол соншалықты?
Уйкипедияға мақала жазу адамға үлкен жауапкершілік жүктеуі керек, себебі жастар бір нәрсе ізденсе дереу сол жерден қарайды. Өзі білмейтін адам тапқан жауабына құдайдай сенеді және соны бойына сіңіреді. Егер ол қате немесе шалажансар түсінік болса ол өте жаман. Ал қазіргі орысша да,казақшада Уйкипедиядағы жауаптардың көбі шалажансар жауаптар. Бұл біздің сал-дәстүрлеріміз жәнеде басқа тұрмыстық түсініктеріміз үшін өте қатерлі дерт.
Дұрыс айтасыз, Жако ағай)
0 дауыс
Жоқ қосып көрген жоқпын. Ол үшін көп іздену керек сияқты.
+1 дауыс
Мақала жазып жүрген жоқпын. Бірақ көптеген грамматикалық қателерді байқап, қолымнан келгенше өңдеп жүрмін.
+1 дауыс
иа үлес қосып жүрмін
0 дауыс
бұндай  сайт бар екенін  білетінмін  бірақ  мақала  жазса  болатынын  бірінші  рет  естіп  тұрмын  ол  сайтқа  қалай  кіруге  болады  түсіндіріңіздершші мен де  өзімді  сынап  корейін және онда  қандай  жауапкершілікті  талап  етеді
+1 дауыс
Иә, әрине уикипедияға үлесімді қосудамын. Уики бәйгеге қатысып жатырмын.
...