Қандай да бiр заңсыздық немесе алаяқтық орын алған. Сiздiң анаңыз банк қызметкерлерiнiң тиiстi бөлiмшесiне бұрын шығарылған банкомат карточкасын тексеруiн талап етуi керек. Яғни карточка ашуға өтiнiш берген уақытты, құжаттарды рәсiмдеу кезiндегi карточка шығару бөлiмiнiң менеджерi кiм болды,соларды бiлiп алыңыз. Қажет болса прокуратураға банктiң үстiнен шағым түсiруге болады. Бұл әрекет алаяқтық болуы мүмкiн. Себебi кез келген заңсыз операциялар арқылы ақша тауып жүрген алаяқтар үшiн (интернет арқылы шотына ақша аудару, бiреудiң ақшасын жымқырудың неше түрлi жолдары) басқаның есепшотын, карточкасын пайдалану ең ұтымды құрал. Сондықтан, бей-жай қарамау керек. Ешкiм тектен тек бiреудiң атынан банк.карт. ашпайды. Артында бiр құпиялық болуы мүмкiн.