Қазақ деген мал баққан елміз,
ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп, ж
еріміздің шетін жау баспасын деп
найзасына жылқының қылын таққан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды,
анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды,
ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.
Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз,
қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз,
танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз,
тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
деген екен Қазыбек би, осыдан артық жауап болмас!!!!